«Код Дурова»: Telegram-да фактчекиң функциясы іске қосылды

«Код Дурова» редакциясы Telegram-дағы бір арнадағы жазбаның астынан «Фактіні тексеру» деген арнайы белгіні байқады.

We TON арнасы Telegram Ресейден кетіп жатыр деген «жаңалық» жариялаған. Бұл жазбада авторлар танымал «Панорама» сатиралық басылымына сілтеме жасаған.

Алайда осы жазбаның астында дәйексөзге ұқсайтын арнайы түсініктеме пайда болды. Онда Telegram платформасы Павел Дуровтың мұндай мәлімдеме жасамағанын нақтылаған.

Мәтінде бұл түсініктеменің Telegram-ның өз атынан берілгені, ал арна авторларына тиесілі емес екені баса көрсетілген.

Басылымның жазуынша, бір жыл бұрын байқалған фактчекиң функциясы енді іске қосылған тәрізді.

Бұрын не байқалған еді?

2024 жылғы мамырда журналистер Telegram-ның Android-қа арналған бета-нұсқасының бастапқы кодынан Fact Check деп аталатын жаңа функцияны анықтаған. Ол — ақпараттың рас-өтірігін тексеруге арналған мүмкіндік.

Кодта көрсетілгендей, бұл қызмет аясында Telegram деректерді тексерумен айналысатын агенттіктермен әріптестік орнатады. Үкіметтер Telegram-мен жұмыс істейтін агенттіктерді тағайындай алады. Fact Check қызметі ашық жұмыс істейді, яғни қай агенттік қандай ақпаратты тексергенін көруге болады.

Factcheck.kz ескертпесі: «Код Дурова» басылымы мысалға келтірген сатиралық жазба астындағы түсініктеме кімнің тексергенін көрсетпейді. Демек бұл басқа немесе түрлендірілген функция болуы да мүмкін.

Контекст

Мамырда Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Grok чат-ботымен әріптестік орнататынын мәлімдеген еді. Жазда мессенджерге қосылатын жаңа мүмкіндіктер тізімінде фактчекиң де аталған.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы фактчекинг. Орталық Азиядағы алғашқы фактчекинг ресурсы. 2017 жылдың мамыр айында ашылған. Халықаралық фактчекинг ұйымдар желісінің (IFCN) мүшесі.

Factcheck.kz