Желіде «киндер-сюрприз» стиліндегі тәттілердің алғашқы үлгісі Ресей империясы тұсында Мәскеуде пайда болды деген пікір тарады. «Проверено» фактчекерлері ақпараттың рас-өтірігін тексерді.
«Киндер-сюрприз» деп танылған тәттіні алғаш рет 1970-жылдардың басында италиялық Ferrero компаниясы шығарды. Содан бері бұл десерттің түпкі идеясы осы компанияға тиесілі. Алайда шоколадты жұмыртқаның ішіне балаға қуаныш сыйлайтын шағын ойыншық немесе тосынсый салу идеясы бұған дейін — патшалық Ресей тұсында, революцияға дейінгі Мәскеуде-ақ пайда болған. Иә, алғашқылардың бірі болып дәл осындай тәттілерді Ресей империясында өндіре бастады. Бірақ ол кезде мұндай өнім тек мерекелік маусымға арналып, Пасха қарсаңында ғана сатылатын», — деп жазды «Родина» журналы 2025 жылғы сәуірде.
Осындай мазмұндағы жарияланымдар «Окно в Россию», «Культурология» басыламдарында және «История России» федералдық порталында шыққан.
Алайда «Проверено» анықтағандай, тәттінің ішіне тосынсый салу идеясы Еуропада бұрыннан бар. XVIII ғасырда Франция өндірген піл сүйегінен жасалған жұмыртқа ішіне бірнеше қабаттан тұратын асыл заттар жасырылған. Кейінірек әйгілі шебер Карл Фаберже осы идеяны дамытып, Ресей императоры Александр үшіншіге арнап танымал зергерлік жұмыртқаларды әзірлеген.
Мұндай көркемдік әрі зергерлік шеберді екінің бірі ала алмаған. Қарапайым жұрт үшін Еуропаның көптеген елінде суреттермен безендірілген үлкен көлемді папье-машеден немесе картоннан жасалған жұмыртқалар сатылатын. Олардың ішіне шағын сыйлық салуға болатын.
Ал шоколадты жұмыртқалардың тарихы XIX ғасырдан басталады. 1828 жылы Нидерландыдағы Van Houten компаниясы какао майын бөліп алуға арналған гидравликалық пресс ойлап тапты. Ал 1847 жылы британдық J.S. Fry and Sons компаниясы алғаш плитка түріндегі қатты шоколад жасап, 1873 жылы алғашқы шоколад жұмыртқаларын өндіре бастады. Екі жылдан соң Cadbury’s компаниясы да шоколад жұмыртқаларын жасап, ішіне дражелер мен тәттілер салды.
Шоколад ішіне ұсақ тәттілер салу дәстүрі 1910 жылдарға қарай Еуропа елдерінде кең тарады, оның ішінде Ресей де бар.
«Проверено» жазғандай, Ferrero компаниясының жаңалығы – шоколад ішіне тек тәтті емес, шағын ойыншық салу және оны жыл бойы сатуға шығаруында. Бұл әдіс киндер-сюрприздің бүкіл әлемге әйгілі болуына жол ашты. Сондықтан киндер-сюрпризге ұқсас тәттілер бұрын патшалық Ресейде де болғанымен, оны алғаш ойлап тапқан ел ретінде тануға негіз жоқ.