Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кәмелет жасқа толмағандарды зорлаған қылмыскерлердің жазасын күшейтетін заңға қол қойды. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.
Жаңа заң бойынша, енді 60-тан асқан қылмыскер кәмелет жасына толмаған баланы зорласа, өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Оған қоса балаға зорлық көрсеткендерге айыптау үкімі қылмыскерге жаза белгіленбейінше шығарылмайды.
Мұндай қатаң жаза енгізуді 2023 жылғы желтоқсанда парламент депутаты Марлен Маматәлиев ұсынған.
Айта кетейік, 2024 жылғы қаңтарда Қырғызстан зорлыққа қатысты қылмыстық істе екі тарапқа татуласуға мүмкіндік бермейтін заңды мақұлдаған.