Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, интернетте қазақстандықтардың жеке мәліметін заңсыз сатты деген күдікпен 140 адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Мемлекеттік деректер базасынан заңсыз алынған ақпараттар Telegram желісі арқылы таралған әрі мәліметтер кейбір коллекторлық компанияларға берілген.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталғандардың қатарында компания иелері мен Telegram арналарының әкімшісі бар. Қазіргі таңда бес күдікті қамауға алынды. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Жандос Сүйінбайдың сөзінше, тергеу барысында 400-ден астам компьютер және түрлі электрон құрылғылар тәркіленген.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы:
- 205-баптың 3-бөлігі (ақпараттық жүйеге заңсыз кіру),
- 147-баптың 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғу және жеке деректерді заңсыз тарату),
- 211-баптың 3-бөлігі (шектеулі электрондық ақпаратты заңсыз тарату) бойынша іс қозғалды.
Министрлік азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке деректердің таралуының алдын алу үшін жұмысын жалғастырып жатыр.
Контекст
Жақында eGov Mobile қосымшасында жаңа Nomad Guard қызметі іске қосылды. Бұл қызмет арқылы күмәнді сілтемелер мен сайттарды тексеріп, жеке деректердің таралуын анықтауға болады