Израиль мен нацистік Германияның туын ұстаған сарбаздардың фотосы рас па?

2023 жылы қазанда интернетте Израильдің және нацистік Германияның туын ұстаған он шақты сарбаз бейнеленген фото тарады (мұнда, мұнда, мұнда). Олар “Таль Сухар” деген неонацистік израилдық батальонның сарбаздары деседі. “Проверено” басылымы суретті тексеріп көрді.

Алайда фото өңделген. TinEye-нің кері іздеу жүйесі арқылы суреттің түпнұсқасын табуға болады. Онда нацистік ту бейнеленбеген.

Нацистік Германияның туы жоқ түпнұсқа фото 2023 жылғы жазда израильдық ең ірі бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішінде The Times Of Israel, Newsru.co.il және TV7 Israel News сайттарында жарияланған. Барлық ресурста фотоны Израиль қорғаныс күштерінің (IDF) баспасөз қызметі ұсынғаны жазылған. 5 маусымда Израиль Қарулы Күштерінің Facebook аккаунтында бізді қызықтыратын фото бар жазба жарияланды.

«Мұнда тарих жасап, Марокко жерінде жаттығатын [Голани бригадасының барлау батальонының] 12 патрульдік сарбазы! Кеше алғашқы ЦАХАЛ делегациясы Марокко жерінде өтіп жатқан және 18 елден шамамен 8 000 сарбаз болатын халықаралық «Африка арыстаны» жаттығуына аттанды», – делінген онда.

Сәйкесінше, түпнұсқа суретте Израильге және Голани бригадасына тиесілі тулар көрсетілген.

Израиль мен нацистік Германияның туын ұстаған сарбаздардың фотосы рас па?

2020 жылы Аустралияның бір тұрғыны нацистік туды іліп қойып, қоғамның наразылығын тудырған. Фейк фотодағы нацистік ту сол кезде түсірілген. Тек әлдекім ол ту мен Израиль туын ұстаған сарбаздар бейнеленген фотоны қосып, өңдеген.

Factcheck.kz