Әлеуметтік желіде Иран портында метанол сақталған резервуардың өртеніп жатқан видеосы тарады. Видео сипаттамасында бұл Израиль шабуылының салдары деп айтылған. Алайда Reuters Fact Check журналистері ақпаратты тексеріп, видеодағы сипаттаманың шындыққа жанаспайтынын анықтады.
Метанол сақталған резервуардағы өрт 11 маусым күні Иранның оңтүстігіндегі Бушер провинциясында орналасқан Бандар Дайер портында болған. Бұл оқиғаның видеосы желіде Израильдің Иранға жасаған әуе соққыларының салдары ретінде тарап кеткен. Алайда фактчекерлердің айтуынша, Израиль шабуылы 13 маусымда жасалған болса, өрт одан екі күн бұрын болған.

11 маусымда ирандық мемлекеттік БАҚ өрт шыққан сәттің видеосын жариялап, онда Бандар-Дайер портында тұрған метанол тиелген кеме өртеніп жатқанын хабарлады. Журналистердің айтуынша, өрттің ықтимал себебі дәнекерлеу жұмыстарынан болуы мүмкін.
Кейін Израильдің әуе шабуылынан соң, БАҚ порттан шамамен 70 шақырым жердегі Оңтүстік Парс газ-кен орнына соққы жасалғанын жазды. Бұл шабуыл 14 маусымда болған.
Ал Reuters агенттігі Бандар-Дайер портында ешқандай шабуыл іздері немесе дәлелдер табылмағанын хабарлады.
Контекст
Жақында Иранның америкалық B-2 бомбалаушы ұшағын атып түсіргені бейнеленген сурет тарады. Жазбада «Шұғыл: “журналист” Сулейман Ахмед Иран АҚШ-тың B-2 бомбалаушы ұшағын атып түсірді деп мәлімдеді» делінген. Алайда қолданушылардың көбі бұл суреттің жасанды интеллект көмегімен жасалғанын байқаған. Расымен де фото жалған болып шықты.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.