24 мамырда Халықаралық сот Израильге Газа секторының оңтүстігіндегі Рафахтағы “әскери операцияларын” дереу тоқтатуды талап етті. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы хабарлады.
Оған қоса сот гуманитарлық көмекті шұғыл жеткізу үшін Израильге шекара өткелін ашуды бұйырды.
Айта кетері, Оңтүстік Африка Израильді Геноцид конвенциясы бойынша міндеттемелерін бұзды деп айыптады. Халықаралық соттың судьясы Наваф Салам Гаагадағы ашық тыңдауда жаңа уақытша шаралар туралы шешімді оқып отырып, Израиль геноцид конвенциясындағы өз міндеттемелерін орындауы керек және «Рафах провинциясындағы әскери шабуылын және кез келген басқа әрекеттерін дереу тоқтатуы керек» деді.
БҰҰ Бас хатшысы сот шешімі назарға алынатынын айтты. Антониу Гутерриштің айтуынша, ол барлық тарап соттың бұйрығын дұрыс орындайды деп үміттенеді.