Еуроодақтың бірнеше елі Грузиямен визасыз режимнің күшін жоюы мүмкін

Грузия үкіметі “шетел ықпалының ашықтығы туралы” заң қабылданса, Еуроодаққа мүше төрт мемлекет – Эстония, Нидерланды, Чехия және Швеция Грузиямен визасыз режимнің күшін жояды. Бұл туралы Азаттық Радиосы Financial Times-қа сілтеп хабарлады.

Басылымның ақпараты бойынша, Еуропа мемлекеттері “Грузин үкіметіне түрлі қысым көрсетуді қарастырып жатыр”. Олардың шараларының қатарында елге санкция қою, Еуроодақ қорларынан қаржы бөлуді тоқтату кіреді. Идея авторлары бұл мәселені ЕО-ның сыртқы істер министрлерінің келесі аптадағы кездесуінде талқылауды жоспарлап отыр.

Дегенмен мұндай шешім Еуроодақтың барлық 27 елі келісім берсе ғана қабылданады.

Factcheck.kz