Disney мен Universal Midjourney генераторын авторлық құқықты бұзғаны үшін сотқа берді

Disney және Universal кинокомпаниялары бірлесіп, Midjourney атты жасанды интеллект сурет генераторына қарсы сотқа шағым түсірді. Бұл туралы CNBC хабарлады.

Шағымда айтылғандай, Midjourney авторлық құқықпен қорғалған кейіпкерлерді пайдаланып, оларды заңсыз таратқан. Мысал ретінде «Жұлдыздар шайқасы», «Симпсондар», «Көліктер», «Шрек» және басқа да танымал фильмдердің кейіпкерлері аталды.

Disney мен Universal өкілдері бұған дейін Midjourney-ге мұндай әрекеттерді тоқтатуды бірнеше рет сұрағанын, бірақ компания талаптарды елемегенін айтады.

«Midjourney тек өткен жылдың өзінде миллиондаған жазылушы жинап, 300 миллион доллар табыс тапты. Компания табысқа басымдық беріп, авторлық құқық иелерінің ескертуін елемей отыр», – делінген сотқа жолданған құжатта.

Кинокомпаниялар Midjourney-ді «плагиаттың түбі жоқ көзі» деп атады.

CNBC бұл істі жасанды интеллект пен авторлық құқық саласындағы ең маңызды сот процестерінің бірі болуы мүмкін деп бағалап отыр.

Контекст

Ұлыбританияда мыңнан астам музыкант жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын әзірлеушілерге наразылық ретінде «бос» альбом шығарды. Billboard жазуынша, бұған Ұлыбритания үкіметінің нейрожелілерді оқытуға авторлық құқықпен қорғалған контентті заңды түрде пайдалануға рұқсат беруді ұсынуы себеп болған. Ал үкімет әртістер өз еңбегін пайдалануға тыйым салмаса, модельдерді музыкалық шығармалар арқылы оқытуға рұқсат беретін авторлық құқық туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz