2023 жылғы қазанда интернетте АҚШ президенті Джо Байденнің Израильде туғанын айтқан мәлімдемесі тарады (1 ,2, 3). “Проверено” басылымы деректі тексеріп көрді.
2023 жылғы 18 қазанда Джо Байден ХАМАС-тың терактінен зардап шеккендерді қолдау үшін және қақтығысты талқылау үшін Израильге барды. Сол кезде ол сөз сөйлеген. Дәл сол сөйлеген сөзі түсірілген видеоның үзіндісі желіде тарап кеткен.
Шын мәнінде, Байден АҚШ-та туған. Адамдар оның Тель-Авивада сөйлеген сөзін дұрыс түсінбеген болса керек.
АҚ үйдің ресми сайтында Байденнің Тель-Авивада сөйлеген сөзінің стенограммасы жариялады. Онда президент: «The State of Israel was born to be a safe place for the Jewish people of the world. That’s why it was born» (Израиль мемлекеті дүниежүзіндегі еврейлер үшін қауіпсіз орын болу үшін қаланған. Сондықтан туды) деген. Осындағы «That’s why it was born» деген сөзін “Мен осында тудым” деп түсініп қалған.
АҚШ президентінің сөзін көбіне орыс тіліндегі медиа дұрыс түсінбей, қате аударып таратқан. Ал ағылшын тілінде сөйлейтін журналистер еш бұрмалай таратқан.