Алаяқтар ЖИ көмегімен туыстардың даусын жасап, адамдарды алдап жүр

Қазақстанда жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары арқылы алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Алаяқтар адамдарға қоңырау шалып, туыстарының даусымен сөйлеседі, қиын жағдайға тап болғанын айтып, шұғыл түрде ақша сұрайды. Бұл туралы BES.media хабарлады.

Басылымның жазуынша, кейбір алаяқтар адамдармен сөйлесу кезінде жасанды интеллекті қолданады. Дыбысты қолдан жасау үшін оларға дауыс үлгілері қажет. Ал үлгілерді жинау – оңай іс. Алаяқтар бейтаныс нөмірден қоңырау шалып, не үнсіз қалып, адамның бірнеше сөз айтуын күтеді, не болмаса қандай да бір қызмет түрлерін немесе акцияларды ұсынып, әңгімені жалғастыруға тырысады. Бұған қоса, алаяқтар мессенджерлерді бұзып, дауыс хабарламаларын жүктеп алады немесе әлеуметтік желідегі жазбаларды пайдаланады. Дауысты қолдан жасау үшін кейде бір ғана сөйлем немесе 10 секундтық жазба жеткілікті.

Кейін бұл дауыс үлгілері нейрожелілер арқылы өңделіп, алдау үшін қажет дауыстар мен мәтіндер синтезделеді.

Жасанды дауысты қалай ажыратуға болады?

Жасанды дауысты түпнұсқадан ажырату қиын, бірақ мүмкін. Нейрожелілер кейде интонацияны дұрыс қоя алмайды немесе сөздерде екпіннен қате жібереді. Сонымен қатар дауыста табиғи емес шулар болуы мүмкін. Кейбір ақылы нейрожелілер өте сапалы дауыс жасайды, сондықтан оны бірнеше рет тыңдау қажет болуы мүмкін.

Басылым ұсынған кеңестер:

  • Егер сізге бейтаныс нөмірден қоңырау шалса, жауап бермеңіз;
  • Тіпті таныс дауыс естісеңіз де, қоңырауды тоқтатып, өзіңіз туысыңызға немесе досыңызға қайта қоңырау шалыңыз. Жауап бермесе, біраз уақыт күтіп, қайта хабарласыңыз;
  • Ақша аудару немесе беру туралы өтініш — сізді алдаудың басты белгісі. Әңгімені бірден тоқтатыңыз;
  • Егер сізге туысыңыз, полицей немесе дәрігер қоңырау шалып тұрғанын айтса, одан бейнеқоңырау арқылы хабарласуын, бет-жүзін және жағдайды көрсетуін талап етіңіз;
  • Бейтаныс адамдарға ешқашан ақша жібермеңіз, тіпті қорқытса да;
  • Қоңырау шалушының кім екенін нақты білу үшін, отбасылық құпия сөз немесе ерекше фраза ойлап табыңыз;
  • Әлеуметтік желідегі аккаунттарыңызды жауып, дауыс жазылған видеоларды жарияламаңыз;
  • Мессенджерлердегі аудио хабарламаларды өшіріп отырыңыз;
  • Мессенджерлер мен әлеуметтік желідегі аккаунттарыңызды қорғаңыз. Күмәнді сілтемелерге кірмеңіз;
  • Ата-анаңызбен, ата-әжеңізбен сөйлесіп, алаяқтық әдісі жайлы түсіндіріңіз. Осылайша оларды қорғап қаласыз.

Контекст

WhatsApp мессенджерінде: егер қандай да бір топта біреу аудиочатты іске қосса, оған қосылуға мүлде болмайды, өйткені бұл алаяқтардың телефонды бұзу әрекеті деген хабарлама тарап жатыр. Пайдаланушыларға сақ болуға, аудиочатқа қатыспауға, осылайша «шабуыл құрбаны» болмауға кеңес береді. Factcheck.kz редакциясы бұл қауесеттің қайдан шыққанын және оның негізі бар-жоғын тексеріп көрді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz