АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) Киберқауіпсіздік және жаңа технологиялар басқармасының (Cyber and Emerging Technologies Unit, CETU) ашылғанын хабарлады. Лаура Д’Аллэрд басқаратын бұл басқарма бұрынғы криптоактивтер мен киберқауіпсіздік бөлімшесін алмастырады. Ол цифрлық активтердегі алаяқтықпен күресуге әрі жеке инвесторларды қорғауға бағытталады. Бұл туралы SecurityLab жазды.
Басқармада SEC-тің әртүрлі кеңсесінен келген алаяқтықпен күрес жөніндегі 30-ға жуық маман мен заңгер жұмыс істейді. Басқарма жасанды интеллект пен машиналық оқыту арқылы жасалатын алаяқтық, әлеуметтік желілер мен жасырын желі арқылы манипуляциялау, ішкі ақпаратты ұрлау, брокерлік шоттарды бұзу және криптоактивтерге қатысты алаяқтықты тергеумен айналысады. Сонымен бірге CETU киберқауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылап, компаниялардың ақпаратты ашу кезіндегі алаяқтық әрекетін анықтайды.
SEC жаңа басқарма цифрлық ортадағы қылмыстық әрекеттер көбейгенде ресурстарды тиімдірек бөледі дейді. Ол инвесторларды қорғауды күшейтіп, қаржы технологиялары нарығында заңбұзушылықтардың алдын алады.
Контекст
Қазақстанда ЖИ туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынылды. Тиісті заң жобасы Мәжіліс сайтында жарияланды.