АҚШ-та адамдар «шын адам» екенін дәлелдеу үшін биометриялық дерек тапсырып жатыр

Өткен бейсенбіде АҚШ-тың алты қаласында ерекше ұсынысы бар дүкендер ашылды: келушілер көзінің қарашығын металл шар арқылы сканерлетіп, осы үшін криптовалюта түрінде бірнеше доллар сыйақы алды. Бұл бастама — World (бұрынғы WorldCoin) деген жоба, оны 2019 жылы OpenAI басшысы Сэм Альтман, Алекс Блания және Макс Новендштерн негізін қалаған Tools for Humanity стартапы жүзеге асырып отыр. Бұл туралы SecurityLab хабарлайды.

Басылым мына нәрселерді жазды:

  • Жобаның басты мақсаты — адамның расымен тірі адам екенін, бот немесе жасанды интеллект емес екенін дәлелдеу;
  • Қазіргі кезде бастама негізінен үш салаға бағытталған: онлайн-ойындар, әлеуметтік желілер мен танысу платформалары, яғни адамдар мен боттарды ажырату аса маңызды жерлер;
  • Процесс бойынша қолданушы арнайы қосымшаны жүктеп, оған тіркеледі, дүкенге келіп, құрылғының алдына тұрады, сосын Orb деп аталатын құрал көз қарашығы мен бет-пішінін сканерлейді;
  • Orb құрылғысы арқылы биометрияға негізделген World ID цифрлық верификациясы жасалады;
  • Тіркелген аккаунт World App арқылы басқарылады, ал қатысушы Worldcoin (WLD) криптовалютасымен сыйақы алады. Сыйақы шамамен 16 доллардан сәл асатын сома;
  • Visa компаниясы World ID-мен жұмыс істейтін дебеттік картаны шығаруды жоспарлап отыр әрі жоба Жапониядағы Match.com танысу платформасымен серіктестік орнатты. Бұл — қолданушылардың шынайылығын тексеру үшін жасалып отыр;
  • Алайда жүйенің ашықтығы мен қауіпсіздігіне бірқатар ел билігі күмән келтіріп отыр. Мәселен Оңтүстік Корея құпиялылық ережелерін бұзғаны үшін компанияға 800 мың доллар айыппұл салды. Гонконгта жобаның қызметі тоқтатылып, ал Германия, Испания және Кенияда тергеу жүріп жатыр;
  • Соған қарамастан, стартап өз жұмысын жалғастырып жатыр әрі АҚШ-тағы Остин, Атланта, Лос-Анджелес, Майами, Нэшвилл және Сан-Франциско қалаларында қабылдау нүктелері ашылды. Компания өкілдері сынға қарамастан, бүгінде әлем бойынша 26 миллион қолданушысы барын, оның ішінде 12 миллионы биометриялық мәліметтерін беріп үлгергенін айтады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz