АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) мен Көлік қауіпсіздігі басқармасы (TSA) жолаушыларды физикалық жанасусыз тексеруге мүмкіндік беретін жаңа технологияны әзірлеп жатыр. Бұл жүйе виртуалды шындық пен арнайы қолғаптар арқылы TSA қызметкерлері адам денесін «қашықтан тексере» алады. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.
Құрылғы сенсорлар арқылы адамның дене пішінін дәл уақытта сканерлеп, оны қызметкердің VR көзілдірігіне көрсетеді. Бұл тәсіл миллиметрлік толқындар немесе кері рентген шашырауы арқылы жүзеге асады. Технология дәстүрлі тексеріске балама ретінде ұсынылады әрі жүйе адамның денесінің сезімтал бөліктерін көрсетпейді.
Дегенмен, кейбір сарапшылар тексерістің жаңа түріне күмән келтіріп, мұны жеке кеңістікке қол сұғу деп санайды. Жүйенің техникалық сипаттамаларына сәйкес, қолғап киім арқылы да сезім тудырады және ультрадыбыстық сигналдармен жұмыс істейді. Бұл TSA агенттеріне барынша шынайы тексеру тәжірибесін береді.
Жаңа технология DHS-тің VR мен жасанды интеллектке деген қызығушылығынан болып отыр. Бұған дейін де шекаралық бақылау мен жалған тауарларды анықтау үшін кеңейтілген шындық құрылғылары сыналған.