4 ақпан күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Tengrinews сайтына берген сұхбатында облыста 2 млн халық тұратынын және оның 80%-ы ауыл тұрғындары екенін айтты. Factcheck.kz Амандық Баталов келтірген деректің рас-өтірігін тексеріп шықты.

Үкім: Жартылай шындық
Амандық Баталов айтқан дерек шындыққа жақын, бірақ, нақты статистикалық мәліметте олай емес.
Алматы облысында 2 039 376 халық тұрады. Олардың ішінде 1 581 997-і ауыл тұрғындары. Яғни, Алматы облысынының 80 %-ы емес, 77, 5% -ын ауыл тұрғындары құрайды. 2,5 % аз сан болып көрінгенімен (49 503 адам), бұл Талғар немесе Қапшағай тұрғындарынан да көп екенін ескергеніміз жөн.

Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.