Ресейлік “Звезда” арнасы “Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарымен Түркіменстанға келді” деген жаңалық жариялады. Дереккөз ретінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғалидың фейсбук парақшасына сілтеме жасаған.

Үкім: Жалған
Шын мәнінде, Тоқаев мырза алғашқы жұмыс сапарын Түркіменстаннан емес, Түркістаннан бастаған.
Бұл туралы “Звезда” арнасы сілтеме жасаған Президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғалидың (Берік Уәли) фейсбуктегі парақшасынан, ҚР Президентінің ресми сайтынан және Түркістан облысы әкімдігінің ресми парақшаларынан табуға болады.
Бәлкім “Звезда” арнасының журналистері Түркістанның Түркіменстанға еш қатасы жоқ және оның Түркістан облысының орталығы екенін білмейтін шығар. Десе де, Қазақстанның картасын бір қарап алса болар еді.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.