АҚШ-тағы президент сайлауы тұсында біткеннен кейін де әлеуметтік желіде науқан туралы әртүрлі пост жарияланып жатыр. «OK Channel» телеграм каналының админі (Қазақстан президентінің бұрынғы кеңесшісі Олжас Худайбергеновтің каналы) “Bloomberg жарияланған ақпаратпен” бөліскен. Телеграм тобындағы ақпаратқа сай “АҚШ-тың 7 штатында сайлаудағы алаяқтық дәлелденген”. Factcheck.kz оқырмандардың сұрауымен ақпараттың рас-өтірігін тексерді.
7 штатта сайлаудың бұрмалануы дәлелденді. 29 штат қызыл түспен белгіленген, мұнда Трамп алға шықты. Ал Байден 21 штатта озып келеді. Қызғылт сары түспен сайлау нәтижесі бұрмаланған штаттар көрсетілген. Қазіргі уақытта дауыс санағы қайта саналып жатыр.
Bloomberg Telegram каналынан

Үкім: Жалған
Біріншіден, бұл Bloomberg-тің ресми аккаунты емес. Сонымен бірге, ақпараттың қайдан алынғаны көрсетілмеген.
Екіншіден, Bloomberg ресми сайтында АҚШ-тың 7 штатында алаяқтық дәлелденгені туралы жаңалық жарияланбаған. Бұдан бөлек Bloomberg ресми сайтындағы карта мен желідегі карта әртүрлі. Ал АҚШ-тағы сайлау туралы статистика көбінесе туиттерде жарияланып, ағылшын тілінен орысшаға аударылады.


Сонымен қатар, Bloomberg сайтындағы карта телеграмдағы картаға ұқсамайды. Бұған қоса фальсификация анықталғаны туралы жазылмаған.
Bloomberg сайтында жарияланған сайлау туралы мәтін мынадай:
Bloomberg News республикашыл Дональд Трамп пен демократиялық партиядан үміткер, бұрынғы вице-президент Джо Байден арасындағы президент сайлауының нәтижесін тікелей эфирде хабарлайды. 7 қарашада Associated Press Байденге сайлаушылардың 270-і дауыс бергенін хабарлады.
Мұндай фейктің тарауына не түрткі болды?
Дональд Трамп осы уақытқа дейін сайлау нәтижесін сотқа беруге уәде етіп, оны мойындаудан бас тартты. Трамп демократтарды “сайлау барысында алаяқтық жасады” деп айыптаған еді. Қазіргі уақытта кейбір республикашылар ресми мәліметтерге сенбейді. Әзірге соттар Трамптың сайлау штабының шағымдарын қараудан бас тартып жатыр.
Дональд Трамп өзінің шағымдарында дәлел келтірмеді. АҚШ-тағы сарапшылардың айтуынша, Трамп сотқа шағымданса да, сайлау нәтижесін өзгерте алмайды. Бірнеше күн өткен соң Дональд Трамп Джо Байденнің жеңісін мойындап, бірақ алаяқтық болғанын қайтадан айтқан еді. Сарапшылар пікірінше, Трамп фальсификация болғанын қайталап айтса да, бірінші рет Байденнің жеңісін мойындап отыр.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.