Бірнеше күннен бері кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде “ҚР зейнетақы қоры басшысының үйі” деген атаумен видео тарап жатыр. Видео туралы қордың баспасөз қызметі “кадрларда көрсетілген жылжымайтын мүлік “БЖЗҚ” АҚ-ның қызметкерлеріне және олардың туыстарына тиесілі емес” деген ақпарат таратты.
Үкім: Фейк
Біріншіден, видео жыл басынан бері ТМД елдері арасында түрлі атаумен тараған. Екіншіден, ҚР БЖЗҚ төрағасы – әйел адам. Бұл оның жынысы үшін сенімді дегенді білдірмейді, алайда, видеодағы комментарийлер мен сипаттамасына сай келмейтіні анық.
Видео қалай тарады?
8 қаңтар
Іvclip.com порталында «Россия Популярное Видео» деген атаумен тіркелген қолданушы «Удивительно богатый дом» деп аталған видеоны жариялайды. Сайт whois деректер базасында қолжетімсіз және оның иесін әзірге анықтау мүмкін емес.
Бұдан бөлек, 8 қаңтарда https://t.me/UzbekVideo телеграмм арнасы дәл осы видеоны жариялап, оны “Шунақа уйда яшашни ҳохлармидингиз?” [қазақ тілінде: “Осындай үйде тұрғыңыз келе ме?”] деп атайды.

11 қаңтар
Үш күн өткен соң, видеоны KOMIL QOSIMOV есімді YouTube қолданушысы«БУ УЙНИ ИЧКАРИСИНИ КУРИБ ДОД ДЕБ ЮБОРАСИЗ» [өзбек тілінен аударғанда: “Бұл үйдің ішін көріп таңқаласыз”] деген атаумен өз парақшасында жариялайды.
22 қаңтар
Видео Рунетке жетті. Әлеуметтік желі қолданушылары видеоны Шешенстанның зейнетақы қоры директорының қызы тұрмысқа шығу кезінде түсірілген десіп жатты. Егер гугл немесе яндекске “Начальник пенсионного фонда Чечни выдает дочку замуж” деп жазсаңыз, 2018 жылғы, тіптен 2015 жылғы видеоларды табасыз.
6 ақпан
Видео Қазнетке де жетті
Қазақстандық интернет кеңістікте видео 22 қаңтарда Гульнара Кинжегулова есімді қолданушының ютуб арнасында, ертеңінде фейсбук парақшасында жарық көрді,

Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.