20 ақпанда АҚШ президенті Джо Байден Киевке Владимир Зеленскиймен кездесуге келді. Кездесу барысында түсірілген кадрлардың бірінде Украина президентіне ұқсайтын адам байқалады. Бұл ресейлік федералды медиа Зеленскийдің егізі бар деп (1,2,3) ақпарат таратуына түрткі болды. Дерек желіде де талқыланды (1, 2).
“Sputnik Ближнее зарубежье” телеграм арнасы
Үкім: Фейк
Украинаның дезинформацияға қарсы орталығының мәліметінше, кремлшіл медиа “Зеленскийдің егізі бар” деп таратқан кадрда Зеленскийдің оққағары Максим Донец көрсетілген.
Фейкті таратқан ресейлік медиа көбіне Польшадағы Fakt сайтының YouTube каналына сілтеме жасаған.

Оққағар Зеленскийдің кездесулерінде әрдайым жанында жүреді. Мұны төмендегі суреттерден байқауға болады.
Ақпарат қайдан шықты?
Жалған ақпаратты алғашқылардың бірі болып кремлшіл тележүргізуші Владимир Соловьев өзінің парақшасында жазған. Ол “Зеленскийдің егізі бар” деген мазмұнмен жазба жариялаған және кейін өшіріп үлгерген. “Уніан” ақпараттық агенттігінің жазуынша, бұл — фейктің желі мен ресейлік медиада тарауына түрткі болды.

Егіз, оның егізі бар. Ахаххаха. Құдайым-ау, басында тіпті сене алмадым. Тіпті Украина үкіметінің ресми ютуб-каналына кіріп тексеріп шықтым. Оның егізі Зеленскиймен әрдайым бірге жүреді…
Владимир Соловьев
Желіде Зеленскийдің оққағары Максим Донец туралы ақпарат аз. Кейбір медианың жазуынша, Донец президентпен бірге жұмыс істемес бұрын, олигарх Игорь Коломойскийдің оққағары болған.

Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.