Tik tok желісінде 1,6 млн қаралымы бар «КУРСК» сөзі «УКРСК» сөзіне ауыстырылғанын көрсететін сурет жарияланды. Суреттің дәл осы нұсқасын Facebook желісінен де байқадық. Шынында қала атауы ауысты ма? Фото рас па? Factcheck.kz тексеріп көрді.

МазмұныҮкім: Фейк
Google image search арқылы суреттің басқа ракурстан түсірілген нұқсасын таппадық. Сондай-ақ, суретке мән берсек, 2022 мен 2024 жылы деп берілген нұсқаларында ракурс пен элементтерінің бәрі бірдей. Яғни, фото өңделген. Photo Forensics арқылы екінші суреттегі «УКРСК» жазуы және жанындағы баннерлердің қиылып қойылғанын және фотоның түпнұсқасы айтарлықтай өзгертілгенін анықтадық.


Photo Forensics: Суреттің клондалған және өзгертілген элементтері
Толығырақ
Видео Tik-tok желісіне Украина әскері Курск облысына басып кіргеннен кейін тамыздың 11-і жарияланған. Ал, Deutsche Welle арнасының 16 тамызда жасаған репортажынан және shorts видеосынан “КУРСК” жазуының әлі тұрғанына көруге болады. Сондай-ақ, Украинаның «NNews» медиасы желіде тараған фейк суретті Курск туралы мемдер қатарына қосқан.


Өңделген фотоның оң жағынан «Новая пошта» баннерінің суреті Украинадағы пошта қызметінің жарнамасынан, сол жағындағы «АТБ маркет» суреті дүкеннің ашылу салтанатынан алынған. Екі суреттің де түпнұсқасы «Хвиля» сайтында жарияланған.


Google Maps іздеу жүйесі арқылы монументтің қаланың солтүстік шыға берісі, Мәскеуге барар жолда (М-2 «Крым») орналасқанын көруге болады. Ал, BBC деректеріне сәйкес соғыс алаңы Курск қаласының емес, облысының батысында, яғни Украинамен шекаралар аудандарда болып жатыр.


Курск өңіріндегі негізгі жағдай
6 тамыздан бері Украин әскері Курск облысында Ресей әскерімен шайқас жүргізіп жатыр. Reuters деректеріне сүйенсек осы уақытқа дейін мыңдаған киевтік сарбаздар шекараны кесіп өтіп, жүздеген мың адамды эвакуацияланған. Дүйсенбі күні таңертең Ресей әскері Курск облысындағы Борки, Богдановка, Вишневка, Викторовка, Косица, Любимовка, Меловой, Снагост аудандарына соққы жасады. Украина қазір Боркиден Кореневоның шетіне дейінгі аумақты бақылауда алған. Украина әскери-әуе күштері бейсенбі күні Ресейдің Курск аймағындағы АҚШ-та жасалған GBU-39 бомбасын пайдаланғанын хабарлағаны туралы ақпарат бар.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.