OpenAI ЖИ модельдері болашақта жеке куәлік талап етуі мүмкін

OpenAI компаниясы болашақта кейбір ЖИ модельдерді қолдану үшін ұйымдардан верификациядан өтуді талап етуі мүмкін. Бұл туралы TechСrunch жазды.

«Расталған ұйым» деп аталатын жаңа процес – OpenAI-дің ең озық модельдерін пайдаланудың жаңа тәсілі. Верификацияға OpenAI істейтін елдердің үкіметі берген жеке куәлік қажет. Бір куәлік әр 90 күн сайын бір ұйымды ғана растай алады әрі ұйымдардың барлығы бірдей верификациядан өтпейді. Өйткені бұған дейін қолдану саясатын бұзған ұйымдар қабылданбауы ықтимал.

OpenAI компаниясы бұны модельдердің қауіпсіздігін арттыру үшін жасағалы отыр. Өйткені кейбір әзірлеушілер ережелерді бұзып, теріс мақсатта қолданған.

Сонымен бірге, верификация зияткерлік меншікті ұрлауды болдырмауы мүмкін. Bloomberg жазуынша, компания 2024 жылдың соңында деректердің сыртқа шығып кетуіне байланысты тергеу жүргізген. Тергеу барысында Қытайдағы DeepSeek атты ЖИ зертханасына қатысы бар топ күдікке ілінді. Олар API арқылы үлкен көлемде мәліметті жүктеп алып, өз модельдерін үйрету үшін пайдаланған болуы мүмкін. Ал бұл OpenAI-дің қолдану шарттарына қайшы болып есептеледі.

Былтыр OpenAI Қытайда өз қызметтерін бұғаттағанын да айта кетейік.

Контекст

Бұған дейін OpenAI кибершабуылдардан қорғану үшін Adaptive Security стартапына қаржы құйған. Бұл — OpenAI-дің киберқауіпсіздік саласына жасаған алғашқы инвестициясы.

Журналист

Factcheck.kz