Amazon компаниясы өзінің Kuiper жобасы аясында алғашқы байланыс спутниктерін орбитаға шығарды. АҚШ-тың Канаверал мүйісінен Atlas V зымыран тасығышы 27 спутникпен бірге 28 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 19:00-де ұшырылды. Бұл туралы Deutsche Welle зымыранды жасаған United Launch Alliance компаниясына сүйеніп хабарлады.
Бастапқыда спутниктерді үщыру сәуірдың басына жоспарланған еді, бірақ қолайсыз ауа райына байланысты кейінге шегерілген. Орбитаға шыққан спутниктер Жердің төмен орбитасында, шамамен 630 шақырым биіктікте айналады.
Amazon алдағы уақытта осындай 3200-ден астам спутникті ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл спутниктер 12 жерүсті станциясымен бірлесіп жұмыс істеп, кемінде 400 Мбит/с жылдамдықпен интернет байланысын қамтамасыз етеді. Компания тек өзіне тиесілі Blue Origin зымырандарын ғана пайдаланбайды, ол Еуропада да жаңа зымырандарды құрастырып жатыр.
Kuiper жобасы қазірге Масктың Starlink жүйесіне кішігірім бәсекелес саналады.
Жоба атауы Койпер белдеуіне негізделген. Бұл – Күн жүйесінің шеткері аймағында орналасқан ұсақ аспан денелерінің тобы.
Amazon мәлімдеуінше, интернет қабылдайтын терминалдарды жеке тұлғалар мен шағын кәсіпорындар қолжетімді бағамен сатып ала алады, бір терминалдың өндіріс құны 500 доллардан аспайды.
Kuiper спутниктерінің ұшырылуы Amazon мен Джефф Безосты спутниктік интернет нарығындағы негізгі ойыншылардың біріне айналдырады. Бұл салада қазірдің өзінде SpaceX-тің Starlink жобасы мен Еуропадағы OneWeb жүйесі сияқты ірі бәсекелестер бар.
Басты беттегі сурет AFP басылымынан алынды.