АҚШ-тың Аризона штатындағы сот отырысында 2021 жылы жанжал кезінде оққа ұшқан армия ардагері Кристофер Пелкидің жасанды интеллект арқылы жасалған аватары сөйледі. Бұл туралы SecurityLab жазды.
Видеода Пелкидің дауысы мен келбеті нейрожелі арқылы қалпына келтірілген. Цифрлық бейнежазбаны марқұмның әпкесі Стейси Уэйлс күйеуі Тиммен бірге дайындаған. Бұл видео сотта үкім шығару кезінде көрсетіліп, ақырында айыпталушы Габриэль Оркаситас 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Судья Тод Лэнг марқұм Пелкидің бейнесі арқылы айтылған сөздерден шынайылық пен кешірім байқалғанын айтты. Цифрлық аватар Габриэль Оркаситасқа арнап:
«Басқа жағдайда, біз дос болып кетер едік. Мен Құдайға және кешірімге сенемін. Әлі де сенемін», — деп сөзін аяқтады.
Судья Лэнг бұл мәлімдеме кекке емес, адамгершілік пен кешірімге негізделген деді. Айыпталушының адвокаты марқұмның сөзін жазаны жеңілдету үшін пайдалануға тырысқанымен, сот шешімі өзгерген жоқ.
Видеоны жасау кезінде Stable Diffusion мен дауыс синтездеу технологиялары қолданылған. Стейси Уэйлстің айтуынша, бұл видеоның мақсаты – бауырын ЖИ арқылы «қайта тірілтіп», оның атынан сөз сөйлету.
Аризонада құрбандардың туыстары сотта мәлімдеме жасау формасын өздері таңдауға құқылы. Бұл видео да да заң шеңберінде дайындалып, ЖИ арқылы жасалғаны жөнінде алдын ала ескертілді. Қорғаушы тарап та, айыптау жағы да бұған қарсы болмаған.
Сотта эмоция білдіруге тыйым салынғандықтан, марқұмның туыстары үшін осы видео өз сезімдерін жеткізудің жалғыз жолы болды. Стэйсидің сөзінше, сот шешіміне цифрлық ролик үлкен ықпал еткен.