Соңғы уақытта әлеуметтік желі мен БАҚта Тайланд оқушыларының сайлау жәшіктерінің ішінде сабақ оқып отырған суреттері тарап жатыр.

Үкім: Манипуляция
Жарияланған материалдың көпшілігі “Тайланд оқушылары енді осылай оқиды” деген тақырыпта. Ал дәл осылай білім беруге көшкен елдегі барлық мектептер емес, тек Патум Тани аймағындағы Сэм Хок мектебі ғана. Суретті Reuters агенттігі таратқан. Мектеп директоры Chuchart Thiengtham әр балаға бетперде берілетінін, бұл кабиналар қосымша қорғаныс амаладары екенін мәлімдеген. Қорыта айтқанда, “Тайланд оқушылары жәшік ішінде сабақ оқитын болды” деу – манипуляция.
Тайланд мектептері наурыздан бері жабық: тек елдегі ахуал тұрақтана бастаған тұста, жұмысын қайта бастаған. Елдің Білім министрі Наттафон Типсуванның айтуынша сақтық шаралары сақталып, қадағаланады: мектепке келген оқушылардың дене қызуы өлшеніп, парталар мен асханаларға арнайы кабиналар қойылады.

