10 қаңтар күні БҚО-ның әкімі Алтай Көлгінов Tengrinews сайтына берген сұқбатында БҚО-да 650 мыңнан астам халық тұратынын және оның 45 %-ы ауыл тұрғындары деп айтты. Factcheck.kz Алтай Көлгінов айтқан ақпараттың рас-өтірігін тексеріп шықты.
Үкім: Жартылай шындық
Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің ресми сайтындағы деректерге сәйкес, расымен де БҚО-да 652 314 адам тұрады. Ал облыс бойынша ауыл тұрғындарының саны 313 065 адамды құрайды. Пайыздық көрсеткішпен ол 45 %-ды емес, 47,99 %-ды көрсетеді.

Бұдан бөлек, Алтай Көлгінов tengrinews сайтына берген сұқбатында «Жыл сайын БҚО-да халық саны көбеюде. 2010 жылы 600 мыңдай халық тұрса, қазір 650 мыңнан жоғары» деп айтқан болатын. Factcheck.kz БҚО-дағы 2010 жылдан бастап, 2019 жылға дейінгі халықтың өсу көрсеткішін тексеріп шықты.
Үкім: Шындық
Статистика деректеріне сәйкес, Батыс Қазақстан облысында шынымен де адам санының артуы байқалады. Мәселен, 2010 жылы 607,1 мың адам болса, 2019 жылдың 1 қаңтарында облыс тұрғындарының саны 652,3 мың адамға жеткен.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.