4 қарашада болған ҚР Парламент мәжілінің пленарлы отырысында сөз сөйлеген депутат, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Уәлихан Қайназаров “Астана” халықаралық қаржы орталығы туралы мынадай факт келтірді:
2015 жылдан бері “Астана” қаржылық орталығы біраз жұмыстар атқарды, бүгінгі қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 37 позиция көтеріліп, 51-ші орынға ие болды.
Уәлихан Қайназаров, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты
Үкім: Шындық
Әлемдік қаржы орталықтарының индексі (The Global Financial Centres Index) бойынша “Астана” қаржы орталығы шынымен 51-ші орында. Ал, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия қалаларының (осы тізімде бар) арасында бірінші орында. Бұл тізімге әлемнің 104 қаласында орналасқан қаржы орталықтары кіреді.

Сонымен қатар бұл тізімге Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы да кіреді. Бұл рейтингте Алматы қаласы 98-ші орынға жайғасқан.
Контекст
“Астана” Қаржы орталығы туралы ҚР Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсанда қабылданды.
Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер көрсету саласына инвестициялау үшін тартымды орта жасау арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.