Ақтау қаласында коронавирус табылған үйдің подъезін дәнекерлеп (сваркамен) тастапты деген суреттер мен жазбалар тарап жүр. Тіпті есіктің астыңғы бөлігі кесілген суреттер де шықты. Олар мұны азық-түлікті кіргізу үшін әдейі кесілген деп жазды. EFMN мүшесі, Украиналық серіктесіміз bez-brehni бұл ақпаратты тексерген болатын. Біз серіктесіміздің материалын Factcheck.kz оқырмандарына ұсынып отырмыз.

Ақтауда коронавирус анықталған үйдің подъезін сваркілеп тастаған
Үкім: Шындық әрі манипуляция
Ақтау қалалық әкімдігінің мәлімдеуінше, сол үйдің екі тұрғынынан коронавирус анықталғаны рас және тұрғын үй толығымен дезинфекцияланған.
Алайда адамдардың бір-біріне “подъездің есігін құлыптап тастапты” деп жіберіп жатқан жазбалары шындыққа сәйкес келмейді. Әкімдіктің айтуынша, ақпарат бұрмаланған яғни манипуляция.
Әкімдіктің ресми Instagram парақшасында ақпаратты растау үшін арнайы сурет пен видео салынған. Видеода есік ешқандай да құлыпталмаған. Ал, адамдарды далаға шығармай полиция күзетіп отырғаны рас. Есіктің астыңғы бөлігінің кесілген себебі – тұрғындарға азы-түлік жеткізу және қоқыс шығару үшін. Бұл карантин режимі 14 күнге созылады.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.