Былтыр маусымда Питер Канлифф Facebook парақшасында The Mail газетінің сол кездегі редакторы Эми Фентон атты журналисті “атып тастаймын” деп қорқытқаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Pressgazette.co.uk сайты хабарлады.
Журналисті қорқытқан ер адам қамауға алынып, алты айға бас бостандығынан айырылды. Сайттың жазуынша, Эми Фентон полициядан қорғауды сұрап, үйінен кетуге мәжбүр болды.
Нәтижесінде, Канлифф 22 аптаға бас бостандығынан айырылып, 200 фунт айыппұл салынды. Сонымен бірге, Фентонмен хат алмасуға және байланысқа шығуға екі жылға тыйым салынды.
Бір жыл ішінде Фентон екінші рет желідегі зорлық-зомбылықтың құрбаны болып отыр. Лерой Маккарти атты тұрғын журналисті желіде қорлап, сексуалды қоқан-лоққы көрсеткені үшін бес айға қамалды.