
Операциялық жүйесі ескірген смартфондарда WhatsApр қосымшасы жұмыс істеуін тоқтатады. Желідегі өзгерістер жайлы компания өз блогында хабарлады.
Бүгінгі күні мессенджер келесі құрылғыларда еш кедергісіз жұмыс істейді:
- Android 4.0.3 операциялық жүйесі және одан кейінгі нұсқаларында;
- iOS 9 операциялық жүйесі бар iPhone телефондарда
- JioPhone және JioPhone 2 смартфондарымен қоса алғанда kaios 2.5.1 және жаңа операциялық жүйесі бар кейбір телефондарда
Компания кейбір операциялық жүйелер мен смартфондарда орнатылған мессенджерді қолдану мерзімін шектеді. Мысалы Android 2.3.7 немесе iOS 8-ден ескі нұсқасында орнатылған смартфондарда мессенджер 2020 жылдың 1 ақпанына дейін жұмыс істейді.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.