Informburo.kz интернет-порталының бас редакторы, 49 жастағы Михаил Дорофеев қайтыс болды. Бұл туралы Vlast.kz порталына Верный Капитал өкілдері хабарлады.
М. Дорофеев журналистикадағы жұмысын Атырау облысында бастады. Ал республикалық медиадан — КТК телеарнасында, cонымен қатар, «Экспресс К», «Город» және «Мегаполис» газетінде (бас редактордың орынбасары) жұмыс жасады.
Сонымен бірге, республикалық телеарналарда басшылық қызметінде болды. Оның ішінде «Астана қ. телевизиясы» ЖШС Бас директоры және «Эра телекомпаниясы» ЖШС бас продюсері болып жұмыс істеген.
Бұған қоса «Портрет недели» (КТК), «Формула личности» (Қазақстан, Астана-ТВ), «Тема» («Астана» телеарнасы) және «Открытый диалог» (Хабар) телевизиялық бағдарламасының жүргізушісі болды.
Factcheck.kz редакциясы Михаил Дорофеевтің отбасына, туыстарына, әріптестері мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.