Гороховский соты қалай өтті?

(Материал толықтырылуда) 

18:52 — Сот Гороховскийге 25 АЕК көлемінде (30% жеңілдігі бар) айыппұл салып, елден депортациялау туралы талаптан бас тартты.

18:50 — Прокурор журналистің кінәсі толығымен дәлелденгенін мәлімдеп, оны елден шығаруды талап етті.

12:00 — «Уральская неделя» газетінің жазуы бойынша Александр Гороховскийдің соты полицияның айтқанын жоққа шығарудан басталды. Полицияға арызданды деген Талғат Қатауов есімді азамат өзінің іске қатысы жоқтығын және ешкімнің үстінен арызданбағанын айтты. Полиция айтқан қоңырау түскен уақытта Қатауов әріптесімен кездесуде болғанын мәлімдеп, сотқа сол күнгі және одан кейінгі барлық телефон қоңыраулары мен хабарламаларын ұсынды.

15 қыркүйекте Миржан Бисенгалиев есімді учаскелік полицей Александр Гороховскийді ұстаған кезде өзін Талғат Қатауов деп таныстырған азаматтан қоңырау келіп түскенін, оның «Шағала» қонақ үйінде “Украина туралы семинар өтіп жатыр” деп арызданғанын айтқан еді.

17 қыркүйекте Қатауов полицияны арандатушы деп айыптады.

10:30 — Журналистер таңғы онға белгіленген соттың әлі басталмағанын, сот ісі бойынша материалдардың әлі сот кеңсесіне келмегенін хабарлады.

10:00 —Ондаған Украина медиасы Қазақстанда Александр Гороховскийдің ұсталғанын және оған қатысты әкімшілік істің қозғалғаны туралы ақпар таратты. Ал Қазақстаннан тек «Уральская неделя» мен «Азаттық радиосы» ғана жазды.

Гороховский соты қалай өтті?

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz