Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде короновирус жұқтырған мәскеуліктер жайлы жалған ақпарат таралуда. Бұл туралы киберқауіпсіздікті зерттейтін Group-IB компаниясы хабарлады.
Компанияның бас директоры Илья Сачковтың айтуынша ақпараттық шабуыл ВК боттар арқылы тарап, мессенджерлерде әр түрлі топтарға жіберіледі. Оның ішінде бала бақшалар, мектептер, ата-аналардың топтық чаттары мен түрлі форумдарға фейк ақпарат жіберілген.
Бүгінгі күні 9500-ден астам жазбалар, репосттар мен жарияланымдар тіркелген. Group-IB мамандары фейк ақпаратты таратушылар мен тапсырыс берушілерді іздестіруді бастады.

“В контакте” желісінің өкілінің айтуынша модераторлар бір типті ақпаратты тарататын пайдаланушылар мен боттарды үнемі қадағалап, аккаунттарды бұғаттайды. Сонымен қатар коронавирус тақырыбы бойынша жаңылыстыратын ақпаратты өшіріп отырады.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.