Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мешітке классикалық костюмде келіп, намаз оқыған адамдардың видеосы таралып жатыр. Видеоның сипаттамасында құлшылық еткендердің бірі ҚХР премьер-министрі екені жазылған. Factcheck.kg қырғыз басылымының журналистері бұл ақпаратты тексерді.
Видеомен бірге мынандай сурет те таралып жатыр:

Factcheck.kg редакциясы бірнеше құралдың көмегімен видеодағы адамның жеке басын анықтады.
Алдымен Yandex арқылы Қытай премьер-министрі кім екенін іздеді. Видеодағы адам ол емес болып шықты.

2013 жылдан бері ҚХР үкіметін Ли Кэцян басқарып келеді.
Ал видеодағы адам мына кісі:

Намаз оқып тұрған адамның жеке басын анықтау үшін, видеоның скриншотын жасап, “Yandex суреттің” көмегімен іздестіреміз.

Бұл видео осыған дейін 2015 жылдың шілденің 21-і YouTube-та 2,23 млн жазылушысы бар ақпараттық агенттіктің каналында жарияланған. Видеоның атауы «Премьер-министр астанадағы мешітке келді»

Видеоның сипаттамасында бес күндік іс сапары барысында Малайзия премьер-министрі Абдулла Ахмад Бадави Пекиндегі Нан Ся По мешітіне барып, жұма намазға қатысты делінген. Мешіт Цин династиясы кезінде үш жүз жыл бұрын салынған Қытайдағы ең көне мешіттің бірі. Бадави мешіттің имамы Чжан Ван Чунмен кездесіп, онымен он минут сөйлескен.
Журналистер Абдулла Ахмад Бадавидің суретін тауып, оны видеодағы адаммен салыстырды.

Қорытынды: Қытай премьер-министрі коронавирустан қорғану үшін мешітке барып дұға етті деген видео – жалған. Видеоның жарияланған күні – 2015 жылдың шілде айы. Видеода намаз оқып тұрған адам Малайзияның бұрыңғы премьер-министрі Абдулла Ахмад Бадави.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.