Дубай шейхінің қызы Махраның күйеуімен ажырасып кеткені рас па?

Дубай шейхінің қызы Махра ханшайымның Instagram желісіндегі жеке парақшасына жазған жазбасы әлемнің көптеген тұрғынының назарын аударды. Постта оның күйеуіне үш рет талақ айтқаны (шариғат бойынша ажырасу) жазылған. Factcheck.uz-дағы әріптестеріміз деректі тексерді.

Шынында да Дубай шейхы Мұхаммед бин Рашидтің қызы Махра ханшайым өзінің Instagram парақшасы арқылы күйеуі Мана Әл Мактуммен ажырасатынын хабарлады.

Дубай шейхінің қызы Махраның күйеуімен ажырасып кеткені рас па?

«Қымбатты, күйеуім. Сіз басқа адамдармен бос емес кезіңізде, мен сізге ажырасқанымызды хабарлаймын. Мен сізден ажырасамын, сізден ажырасамын, сізден ажырасамын. Сіздің бұрынғы әйеліңіз», – деп жазды ол.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде пікірталас тудырды.

Анасы Малика сияқты Махра да 16 жасына дейін христиан болған. Кейін Махра Біріккен Араб Әмірліктерінде тұруға шешім қабылдап, исламды қабылдады.

Махра ханшайым мен оның күйеуінің үйлену тойы 2023 жылғы жазда өтті.

Дубайда билеушілер отбасылық жанжалын көпшілікке көрсете бермейді. Алайда әдет-ғұрып пен белгіленген стандарттарға қарамастан, Махра ханшайым күйеуімен ажырасатынын көпшілік алдында айтты.

Шариғат бойынша, неке жарамсыз деп танылуы үшін үш рет талақ айтылуы керек. Исламда талақты тек еркектер айта алады.

Әйелдер “талақ” деп айта алмайды. Дегенмен ажырасқысы келетінін басқа амалдармен көрсете алады.

Кейбір жағдайда әйел сотқа жүгініп, ажырасу туралы арыз бере алады. Содан кейін ол ажырасудың себептерін көрсетуі керек. Мысалы, зорлық-зомбылық, қаржылық қолдаудың болмауы немесе күйеуінің ұзақ уақыт болмауы деген сияқты.

Сондықтан Махраның Instagram-дағы үш рет “талақ” дегені ажырасқанын білдірмейді. Махра сотқа немесе ресми үкімет органдарына ажырасу туралы өтініш бермесе, ол әлі де Мана Аль Мактумның әйелі болып қала береді.

Factcheck.kz