БАҚ беттерінде жарияланатын мақалалардың артына ілесу мүмкін емес. Күнделікті ақпарат ағынынан кейде қызықты мақалаларды жіберіп аламыз. Factcheck.kz отандық медиаларға шолу жасап, қайнап жатқан ақпарат ағынында оқуға тұрарлық үш мақала тауып алды.

Алдағы сайлау ең маңызды шаралардың бірі. New Reporter ақпараттық порталы президентікке үміркерлердің арасындағы ақпараттық белсенділік балансына назар аударды. Сараптамаға 2019 жылдың сәуірдің 22-інен бастап мамырдың 1-іне дейін жарияланған 5000 мақала негіз болды. Мақала автора Маргарита Бочарова “Қасым-Жомар Тоқаев сөзсіз жеңісі жайлы жүздеген пікір бар, Әміржан Қосанов сайлаудан шеттетілген ЖСДП партиясының атынан шыққан жалғыз үміткер деп есептей аламыз ба” дейді. Қалған үміткерлер жайлы да пікірін білдірді. Осы уақытқа дейін жарияланған 5 мың мақаланы оқуға уақтыңыз болмаса, мына мақаланы оқуға кеңес береміз.

The Village сайты да сайлау тақырыбын айналып өте алмады. Авторлардың айтуынша мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы студенттер редакцияға жүгінде шағын зерттеу жасау ойы туды. Студенттер алдағы сайлаудың әсерінен сессия кейінге қалдырылғанын айтты. Мақалада сайлау мен сессияны байланыстыратын студенттердің ойы және оқытушылардың болжамы анонимді түрде беріледі(университеттердің аты айтылады. Мақала авторлары мұнымен тоқтап қалмай, сарапшылардан сұхбат алып, аты аталған университеттерге хабарласты.

Негізінде бұл аударма. Алайда, сапалы аударма да еңбекті талап етеді. The Steppe сайты зертханаларында өнер мен азаматтық наразылығын сәтті ұштастыратын танымал тұлғаларға шолу жасады. Пикассон мен Бэнкси жайлы естіген боларсыз, ал Ай Вэйвэй мен Алекса Хартли жайлы не білесіз?
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.