2018 жылы қыркүйектің 22-сінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі өзінің ресми интернет-ресурсында “Қазақстан зейнетақы жүйесін модернизациялаудың мақсаты – xалықтың өмір сапасын жақсарту” деген атпен есеп жариялады. Министрлік дерегінше, Ресей мен Беларусьта зейнетақы Қазақстандағыдан әлдеқайда аз:

Үкім: Манипуляция
Базалық зейнетақы көлемін 2018 жылы шілденің 1-інен арттырғанға дейін минималды зейнетақы көлемі 33 745 теңге ғана болғанын айта кету керек. 30.06.2018 жылғы курсқа шаққанда (1 доллар – 341,08 теңге) зейнетаұы көлемі 98,9 доллар болады. Ал күн күнкөріс минимумына (26 468 теңге) қатысты үлесі – 1,27 немесе 127 пайыз.
Есептің дәлдігі үшін 2018 жылғы орташа зейнетақы көлемін шығарсақ, бұл көрсеткіш 41 382 теңге болып шығады. 26.09.2018 жылғы доллар курсына шаққанда (1 доллар – 360,21 теңге) бұл 114 доллар 88 центке тең. Яғни, бұл көрсеткіштің жылдық орташа күнкөріс минимумына (27 807 теңге) қатысты үлесі 1,48 немесе 148 пайызға тең.
Енді министрліктің Ресей зейнеткерлерінің алатын ақшасына қатысты жазған мәлімдемеге оралайық. Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі “ресейлік зейнеткерлер 5000 рубль немесе 75 доллар алады” деген.
Үкім: Жалған
Ресей мемлекеттік статистика федералды қызметінің ақпаратынша, елдегі ең төмен зейнетақы Курск облысында тіркелген. Онда зейнетақы – 7 044 рубль. 1 доллар – 65,82 рубль курсымен есептесек, 107 доллар болып шығады.
Ресейде “әлеуметтік саясат Мәскеуден қашықта орналасқан аймақтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын” айта кетейік. Мәселен, Чукотск автономды округінде зейнеткерлер ай сайын кем дегенде 20 944 рубль немесе 318,20 доллар алады.
Ресей аймақтары бойынша 2018 жылғы минималды зейнетақы – №1 кесте
№ | Аймақ | рубль |
Орталық Федералды округ | ||
1 | Белгород облысы | 8 836 |
2 | Брян облысы | 7 327 |
3 | Владимир облысы | 9 233 |
4 | Воронеж облысы | 9 567 |
5 | Иванов облысы | 8 194 |
6 | Калуж облысы | 9 338 |
7 | Костром облысы | 9 629 |
8 | Курск облысы | 7 044 |
9 | Липецк облысы | 9 479 |
10 | Мәскеу облысы | 9 864 |
11 | Орлов облысы | 8 597 |
12 | Рязан облысы | 7 998 |
13 | Смоленск облысы | 9 516 |
14 | Тамбовск облысы | 8 231 |
15 | Тверск облысы | 8 726 |
16 | Тульск облысы | 9 354 |
17 | Ярослав облысы | 8 930 |
18 | Мәскеу | 17 500 |
Солтүстік-Батыс Федералды округі | ||
19 | Карелия Республикасы | 9 703 |
20 | Коми Республикасы | 10 556 |
21 | Архангельск облысы | 12 315 |
22 | Неміс авт. округі | 18 199 |
23 | Вологодск облысы | 9 701 |
24 | Калининград облысы | 9 703 |
25 | Ленинград облысы | 8 672 |
26 | Мурманск облысы | 12 497 |
27 | Новгород облысы | 9 299 |
28 | Псковск облысы | 9 606 |
29 | Санкт-Петербург | 8 817 |
Оңтүстік Федералды округі | ||
30 | Адыгей Республикасы | 8 970 |
31 | Қалмақ Республикасы | 8 296 |
32 | Краснодар өлкесі | 9 279 |
33 | Астрахан облысы | 8 759 |
34 | Волгоград облысы | 9 380 |
35 | Ростов облысы | 9 355 |
Приволжск Федералды округі | ||
36 | Башқұртстан Республика | 8 644 |
37 | Марий Эл Республикасы | 8 781 |
38 | Мордовия Республикасы | 8 231 |
39 | Татарстан Республикасы | 9 175 |
40 | Удмуртия Республикасы | 9 371 |
41 | Чуваш Республикасы | 8 146 |
42 | Киров облысы | 9 077 |
43 | Нижегород облысы | 8 809 |
44 | Оренбург облысы | 7 761 |
45 | Пензен облысы | 8 401 |
46 | Самара облысы | 8 326 |
47 | Саратов облысы | 7 971 |
48 | Ульянов облысы | 8 707 |
49 | Перм өлкесі | 9 011 |
Орал Федералды округі | ||
50 | Курган облысы | 9 226 |
51 | Свердлов облысы | 9 703 |
52 | Тюмен облысы | 9 402 |
53 | Челябинск облысы | 9 368 |
54 | Ханты-Мансий автономды өлкесі | 11 830 |
55 | Ямало-Ненец автономды өлкесі | 14 797 |
Сібір Федералды округі | ||
56 | Алтай Республикасы | 9 499 |
57 | Бурят Республикасы | 9 703 |
58 | Тыва Республикасы | 9 245 |
59 | Хакасия Республикасы | 9 349 |
60 | Алтай өлкесі | 9 217 |
61 | Забайкалөлкесі | 9 703 |
62 | Краснояр өлкесі | 9 270 |
63 | Иркутск облысы | 9 701 |
64 | Кемеров облысы | 8 882 |
65 | Новосибирск облысы | 9 703 |
66 | Омск облысы | 9 057 |
67 | Томск облысы | 9 275 |
Қиыр шығыс Федералды округі | ||
68 |
Саха Республикасы (Якутия) |
1-аумақ: |
17 435 | ||
2-аумақ: | ||
14 763 | ||
69 | Камчатск өлкесі | 17 151 |
70 | Приморск өлкесі | 9 637 |
71 | Хабаровск өлкесі | 12 009 |
72 | Амурск облысы | 9 695 |
73 | Магадан облысы | 16 280 |
74 | Сахалинск облысы | 13 225 |
75 | Еврей автономиялық облысы | 9 700 |
76 | Чукотск автономиялық округ | 20 944 |
Солтүстік Кавказ Федералды округ | ||
77 | Дағыстан Республикасы | 8 707 |
78 | Ингушетия Республикасы | 8 104 |
79 | Кабардино-Балкария | 8 922 |
80 | Карачаево-Черкесия | 7 491 |
81 | Солтүстік Осетия | 7 606 |
82 | Шешенстан Республика | 8 989 |
83 | Ставропольск өңірі | 8 293 |
Дереккөз: www.gks.ru
Жылдық орташа минималды зейнетақының күнкөріс минимумына қатынасы 148 пайыз болған Қазақстан көрсеткіштерін Ресейдікімен шамалап болса да салыстыру үшін Ресей Статистика қызметінің деректеріне қараңыз.
Ресейдің кейбір өңірлерінде орташа төлемдер көлемі және орташа зейнетақының күнкөріс минимумына қатынасы – №2 кесте
Өңір | Күнкөріс минимумы, руб. | Орташа зейнетақы көлемі, руб. | Зейнетақының күнкөріс минимумына қатынасы, % |
Тамбовск облысы | 4 802 | 10 300 | 214,5 |
Астрахань облысы | 5 382 | 11 400 | 211,82 |
Мурманск облысы | 8 840 | 15 150 | 171,4 |
Мәскеу | 8 502 | 14 400 | 169,37 |
Санкт-Петербург | 6 258 | 14 400 | 230,1 |
Приморск облысы | 7 818 | 11 500 | 147,1 |
Башқұртстан | 6 070 | 10870 | 179,08 |
Орловск облысы | 6 000 | 10 514 | 175,23 |
Брянск облысы | 5 648 | 10 208 | 180,74 |
Калининград облысы | 6 354 | 9 448 | 148,7 |
Воронеж облысы | 6 039 | 10 053 | 166,47 |
Новосибирск облысы | 6 681 | 11 500 | 172,13 |
Татарстан | 6 621 | 11 600 | 175,2 |
Коми | 7 798 | 14 678 | 188,23 |
Дереккөз: www.gks.ru
Қазақстан мен Ресейдің Еуразия экономикалық одағындағы өзге серіктесінде – Беларусьте зейнетақының үстіне қосымша берілетін сыйақы мен минималды зейнетақыға жанама берілетін жәрдемақы бар. Сондықтан ондағы орташа зейнетақы көлемін есептеп шығу қиын.
Қазақ тіліне аударған – Аян Қалмұрат
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.