Кембридж сөздігі “әйел” сөзінің анықтамасын толық өзгертті ме?

Кембридж сөздігі трансгендерлердің бар екенін білдіретін басқа анықтаманы қосу үшін «әйел» сөзінің түсіндірмесін жаңартты. Дегенмен кейбір әлеуметтік желі қолданушысы сөздің мағынасы толық өзгерді деп түсінген. Бұл туралы Reuters Fact Check хабарлады.

Кембридж сөздігінің веб-сайтына сәйкес, тезаурусқа «әйел» сөзінің келесі анықтамасы қосылды: “Туған кезде басқа жыныс өкілі болса да, әйел сияқты өмір сүретін және өзін солай көрсететін ересек адам”.

Алайда желі қолданушылары анықтама толық өзгертілді деп топшылады. Олар сөздіктің скриншотын бірнеше жерде жариялады (мұнда, мұнда және мұнда).

“Кембридж сөздігі “әйел” сөзі енді “ерлер” деген мағынға ие екенін мәлімдеді”, – деп жазды Facebook-тың бір қолданушысы.

Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Кембридж сөздігінің өкілі Reuters агенттігіне 27 қазанда сөздік редакторлары анықтаманы толық өзгертпей, тек қосымша мағына қосқанын айтқан. Оның сөзінше, редакторлар қолданылған сөздердің мағыналарын мұқият зерттеп, ағылшын тіліндегі өзгерістерді дәлірек көрсету үшін ресурсты үнемі жаңартып отырады.

Осылайша, Кембридж сөздігі «әйел» сөзінің бұрынғы анықтамасын толығымен ауыстырмай, тек оның қосымша мағына берген болып шықты.

Factcheck.kz