Қазақстанда 34 жылда болмаған температура тіркелді ме?

Кейінгі бірнеше күнде әлеуметтік желілер мен түрлі сайттарда “34 жылда болмаған температура тіркелді” деген тіркеспен бірнеше материал шықты (1, 2, 3, 4). Барлығының тақырыбы бірдей, негізгі фокусты “34 жыл” тіркесіне аударған. Қазақстандан да расымен де осындай температура тіркелді ме, Factcheck.kz тексеріп көрді.

Қазақстанда 34 жылда болмаған температура тіркелді.

Тарап жатқан ақпарат

Үкім: Манипуляция

Қазгидромет ақпаратына сай, 2024 жылдың мамыры әдеттегіден салқын әрі жаңбырлы болды. Осыған орай еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы минусқа дейін төмендеген. Мысалы, 5 мамырда Ақтөбе облысында -3,6°С тіркелген, ал ең соңғы рет бұндай температура 1990 жылы (-1,8°С) болған. Одан кейін 2000 жылы -2,0°С-қа дейін төмендеген. Көптеген сайт 1990 жылғы дерекпен салыстырып, “34 жылда болмаған” деп манипуляция жасап отыр. Неге 2000 жылы тіркелген минус температурамен салыстырмағаны түсініксіз.

Сондай-ақ, 28-мамырда Ақтауда түнгі температура +9,4°С-қа дейін төмендеген, бұған дейін +9,6°С 1997 жылы тіркеліпті. Батыс Қазақстан облысында да 1992 жылдан (+4,0°С) бергі ең төменгі +3,4°С температура тіркелген.

Ескерту: Қазгидрометтің болжауынша, Қазақстан аумағына жылы ауа массалары келе жатыр. Алдағы күндері аптап ыстық күтіледі, Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35+38 градусқа дейін, оңтүстігінде +40+46 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz