Жартылай шындық | 1990 жылдан бері Қазақстанда ана мен бала өлімі 5 есеге азайды

2017 жылдың 13 желтоқсанында ҚР парламент мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова мәжілістің пленарлық отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа денсаулық сақтау жүйесінің жаңа мемлекеттік нормативін жасау туралы ұсыныс айтты. Ол өз сөзінде 1990 жылдан бері Қазақстандағы ана мен бала өлімінің 5 есеге азайғандығын атап өтті. Мәлімдеме қазақстандық БАҚ-та кең тарады.

Үкім: Жартылай шындық

Аталған уақыт аралығында Қазақстанда ана мен бала өлімі расымен азайды, бірақ Аманжолова ханым айтқандай 5 есеге емес.

ҚР ҰЭМ Статистика комитеттің ресми сайтында Қазақстанның жылдық статистика мәліметтері тізімінде 1990 жылғы ана мен бала өлімі туралы қолжетімді ақпараттар бар. 1990 жылы 1 жасқа дейінгі 9696 бала өмірімен қоштасқан. Ол туған 1000 баланың 26,4 бөлігі.

Жартылай шындық | 1990 жылдан бері Қазақстанда ана мен бала өлімі 5 есеге азайды
Негізгі себептер бойынша бала өлімінің 1990 жылғы статистикалық деректері

1990 жылғы ана өлімі туралы ақпаратты Статистика комитеті сайтының 2001 жылғы «Қазақстандағы әйел мен ер азаматтар» жинағынан таптық. Онда соңғы 10 жылдағы статистикалық мәліметтер келтірілген. Жинаққа сенсек, 1990 жылғы ана өлімінің коэфициенті 100 000 тірі туған балаға 55,0-ді көрсеткен.

Жартылай шындық | 1990 жылдан бері Қазақстанда ана мен бала өлімі 5 есеге азайды
Мәліметтер ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің сайтынан алынды

Актуалды көрсеткіштермен салыстырып көрейік

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылдың 3 наурызындағы кеңейтілген отырыста баяндаған сараптамалық материалында 2015-2016 жылдардағы ананың да, баланың да өліміне қатысты мәліметтер келтірілген. Сол мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылы ана өлімі 1,6%-ға өсіп, 100 мың тірі туған балаға 12,7-ні көрсетсе, 2015 жылы 12,5 пайыз болған.

Жартылай шындық | 1990 жылдан бері Қазақстанда ана мен бала өлімі 5 есеге азайды
Мәліметтер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылдың 3 наурызындағы кеңейтілген отырыста баяндаған сараптамалық материалдарынан алынды

Бала өлімі 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда (9,39) 2016 жылы азайып, 8,6 пайызды құрады.

Есептеулерді жүргізе отырып, 1990 жылдан бері ана өлімі 4, 3 есеге, ал бала өлімі 3 есеге азайғанын байқадық.

5 есеге азайғандығы туралы мәлімет асыра айтылған. Ақпарат ана өлімінің көрсеткішіне жақынырақ болғанымен, бала өлімінің көрсеткіш шындыққа жанаспайды.

Қолданылған анықтамалар туралы

  • Ана өлімі – жүктіліктің асқынып кетуінен, босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі ана өлімінің 100 000 тірі туғанға шаққандағы саны.
  • Ана өлімінің коэфициентін есептеу үшін туғаннан кейінгі аурудың асқынуынан қайтыс болған ана санын тірі туған балалардың санына бөліп, оны 1000-ға (немесе 100 000-ға) көбейтеміз.
  • Бала өлімінің саны – 1 жасқа дейінгі балалардың өлімін есептейтін көрсеткіш. 1000 тірі туған балаға шаққандағы бір жасқа дейінгі балалардың өлімі.

 

Factcheck.kz