«Жалпыға ортақ адам құқығы декларациясының» 70 жылдығына: Қазақстандағы еркін интернет құқығы

«Жалпыға ортақ адам құқығы декларациясының» 70 жылдығына орай біз қазақстандықтардың азаматтық-саяси құқықтары, нақтырақ айтқанда, пікір білдірудегі еркіндік құқығы жайлы сарапшылармен әңгімелестік. Бұл дегеніміз – Қазақстан 2006 жылы ратифициялаған халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пакттың 19-бабында айтылған ақпаратты іздеу, алу және тарату құқығы. 

Интернет – шынайы өмірдің екінші жағы, пікір алмасу, ақпарат алу орны. Біз өзімізді жаһандық процестердің, бірыңғай ақпараттық аймақтың бөлшегі ретінде сезінеміз.

Бірақ, бұл виртуалды әлемде біздің құқықтарымыз шектелген: сөз бостандығы, жеке басқа қол сұғу, ақпараттың қолжетімділігі.

Дереккөз: Amnesty International.

Ольга Диденко: «Адамдардың online құқықтары offline құқықтарына тең»

Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні (АСҚХП) және оның факультативті протоколын ратификациялады.

InterNews заңгері Ольга Диденконың сөзінше халықаралық пактіні ратификациялағанның арқасында қазақстандықтар БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне өз арыздарын жібере алады. Азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінуге шақырудың маңызы зор. Бірақ әзірге Қазақстаннан арыз аз түскен. Ольга біраз сұрақтарға қатысты пікір білдірді.

Интернеттегі біздің құқымыз қандай?

Ольга Диденко: Шынайы өмірдегідей. Айырмашылық жоқ. Интернет кеңістіктегі сөз бостандығының негізгі ережесі Қазақстан 2006 жылы ратификациялаған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабында айтылған.

Сондай-ақ, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Кеңесі 2016 жылы «Интернеттегі адам құқықтарын ынталандыру, қорғау және жүзеге асыру» резолюциясын қабылдады. Онда Интернеттегі адам құқықтары, соның ішінде  пікір білдірудегі еркіндік құқығы қазіргі кезде өте қызықты және аса маңызды мәселе екені көрсетілген. Себебі әлем бойынша технологиялық дамудың қарқыны адамдарға жаңа ақпартаттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға мүмкіндік берді. Басқаша айтқанда, мемлекет азаматтардың құқығы сақталуы, оның ішінде цифрлық құқықтары және қолжетімді интернет-ортасы үшін барлық жағдайды жасауға міндетті.

Соңғы жылдары Қазақстанда интернет-ресурстарды соттан тыс бұғаттау жағдайлары көбейіп кетті. Бұл азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігі құқығын шектейді. Алайда адамдар бұл шектеулерді айналып өтудің тәсілдерін тапқан.

Мемлекет тосқауыл қояды, бірақ оны айналып өтуге болады. Сондықтан мұндай әрекеттен қандай пайда бар?

Әркімде пікір білдірудегі еркіндік құқығы, ақпаратты алуға және таратуға құқы бар. Сіз сенбеуіңіз мүмкін, бірақ біз тіпті сыни пікір айтып, кішкене болса да тіл тигізе аламыз. Оны көркемдік, визуалдық, аудиолық жалпы кез келген формада істеуге болады.

Онлайн БАҚ оқырмандарының пікір және аноноимдік құқығы

ОД: Бұл бөлек мәселе. Себебі бәрімізде анонимдікке деген құқығымыз, яғни жеке басымыздың мәліметтерін жария қылмай ақпарат алып, оны тарату мүмкіндігіміз бар. Бұл әсіресе зерттеу кезінде және ақпаратты алуға сауал жолдаған кезде журналистер үшін өзекті. Журналист қол қойып сауал жолдаған кезде тәуекелге барады.

Егер барлық әлеуметтік-маңызды ақпарат Еуропаның кей мемлекеттеріндегі сияқты қолжетімді болса, онда оны еш ЭЦҚ мен тіркелусіз алуға болар еді. Бұл пікірлерге де қатысты. Біздің анонимдікке деген құқығымыз бар, алайда бізді тіркелуге міндеттейді. Бұл заңға қарсы контентпен күрес кезінде пайдалы шығар. Алайда құқық қорғау органдарында мұндай ерекше жағдайларда авторды тауып алуға барлық құралдар бар.

Бұл жағдайда анонимдікке деген құқығынан барлығы айырылды.

Өкінішті… түзетулер қабылданып қойды. Бұл шараның күткендей нәтижесі болмағандықтан, барлық пікірталас әлеуметтік желіге шығып кетті. Қарапайым адамдар мен азаматтық белсенділер әлеуметтік желіде айтысып, пікірталас барған сайын қызып барады.

Казнеттің жалпы жағдайы қалай?

ОД: Пікір білдірудегі еркіндік құқығына байланысты қылмыстық істер саны көбейіп барады. Мен бұны пікір білдірудегі еркіндік құқығын қылмыстандыру деп атаймын. Бұл тақырып төңірегінде пікірталас көп. Бізде біреуге жала жапқаны үшін әлі қылмыстық жаза қолданылады! Ал халықаралық құқық қорғау ұйымдары еркіндікті қылмыстандыруға жол бермеу туралы айтады.

Біздің сот практикамызда сөз бостандығына байланысты бірде-бір қылмыстық іс бойынша ешкімге ауыр зақым келмеді, оның ешқандай жағымсыз салдары болған емес.

Жақында Ресейдің Жоғарғы соты интернеттегі істер бойынша сот практикасын жалпылап, лайктар мен репостар адамды қылмыстық іс бойынша айыптауға негіз бола алмайды деген қаулы қабылдады.

Қазақстанның Жоғарғы соты да көршілеріміз сияқты қаулы қабылдайды деп үміттенемін.

Қазақстандық еркіндікті шектеудің үш киті

ОД: Мемлекеттің азаматтардың құқығын шектеу бойынша іс-әрекеті дәлелді, ал реттеу тәртіптері нақты және айқын болуы керек. Алайда сарапшылардың айтуынша, интернет-контентке байланысты қылмыстық істердің қозғалу мәселесі өте өзекті болып тұр.

Қазақстанда әлеуметтік желідегі жарияланым, репост немесе пікір үшін шынымен де істі болуға болады.

Заң тұжырымдамалары анық емес, олар, көбінесе, басқа пікір білдіргендерге қарсы қолданылады. Біз ҚР ҚК 174 және 256-баптары бойынша әлеуметтік желіде қалдырған пікіріңіз үшін сотталуыңыз мүмкін екені туралы материал жазған едік. 2014 жылы жаңа қылмыстық бап пайда болды – ҚР ҚК 274-бабы: Көрінеу жалған ақпарат тарату.

Бұл қылмыстық бап та айтарлықтай анық емес. Ол бойынша пікір білдіргені үшін соттау мүмкін. Көбінесе, жағымсыз жағдайлардың болған немесе болмағаны ескерілмейді.

Қазнеттегі кедергілерден қалай құтылуға болады, «Құқықтық Медиа орталық» ҚҚ заңгері Гүлмира Біржановамен бірге талдаймыз.

Әлеуметтік желілер бұқаралық ақпарат құралдарына жата ма?

Гүлмира Біржанова: Иә, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға сәйкес әлеуметтік желілер БАҚ мәртебесіне ие. 2009 жылдан бастап Қазақстанда барлық интернет-ресурстар БАҚ-қа теңестірілген. Сондықтан заң бойынша әлеуметтік желілер БАҚ болып есептеледі.

  • 4 бөлім) бұқаралық ақпарат құралдары – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоканал, кинодокументалистика, дыбыс-бейнежазба және бұқаралық ақпараттың мерзімді немесе үздіксіз тарайтын басқа да формалары, оның ішінде интернет-ресурстар;

Интернет басылып шығатын БАҚ емес екенін түсіну қажет. Халықаралық нормалар бойынша, дәстүрлі БАҚ-қа қарағанда интернетте пікір білдіру еркіндігі кең әрі мүмкіндігі көп болуы тиіс. Бұл Қазақстан үшін неге маңызды? БАҚ-тың 99% жуығы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс алатындықтан, елімізде тәуелсіз БАҚ қалмады десе болады. Бұл интернетте пікір білдіру еркіндігіне деген қажеттілікті арттырады. Адамдар интернеттен басқа да ақпарат алуға, пікір алмасып, пікірталас ұйымдастыруға құқылы.

Интернетте жариялауға болмайтын дүниелер

ГБ: Бір нәрсені жариялаған кезде саналы болып, сыни ойлау керек. Ішкі цензура болғаны абзал, алайда мемлекет тарапынан жасалған шектеу мен цензура тек ерекше жағдайда ғана қолданылуы мүмкін: порнография жариялау, терроризмді насихаттау, біреуді кемсітуге арандатушылық.

Өзге жағдайларда адам этикалық нормаларды сақтай отырып өз пікірін білдіруге толық құқысы бар.

EUR5756442017RUSSIAN

ҚР ҚК-нің 174, 274 және 256баптарында интернет-контентке неге көп көңіл бөлінген?

ГБ: Бірінші кезекте, бұл еліміздегі оппозициялық БАҚ-тың жоқтың қасы екеніне байланысты. Сол себепті адамдар өз пікірін ғаламдық желіде білдіреді. Мемлекет одан бір қатер күтеді.

Қазақстанда көптеген іс Facebook-тағы жарияланымдарға және WhatsApp-тағы хабарлама таратуларға, Ресейде Вконтакте әлеуметтік желісіне байланысты.

Интернет-контентке қатысты істердің ақтаушы үкімі қанша пайызды құрайды?

ГБ: Өкінішке қарай, 174-бап бойынша істер көбінесе саяси сипатқа ие. Дегенмен бұл баптың мақсаты – арандатушылықты азайтып, дискриминациямен күрес. Бірақ Қазақстанда бұл норма өзгеше пікірге, азаматтық белсенділерге, блогерлерге қарсы пайдаланылады. Бұл бап бойынша қозғалған істер көбінесе айыптау үкімімен аяқталады. Бірнеше ақтаушы үкім бар, бірақ бұл өте сирек кездесетін жайт. Статистика бойынша қылмыстық істердің саны артып келеді.

Тағы қиын баптардың бірі – ҚР ҚК 274-бабы. Көрінеу жалған ақпарат тарату. Мысалы, бір адам WhatsApp-тағы жер сілкінісі болатыны туралы (мүмкін) хабарламаны басқа біреуге жіберді. Жер сілкінісі болған жоқ, ешкімге ешқандай зардап келмеді. Бірақ оны бәрібір қылмыстық жазаға тартуы мүмкін. Себебі мұндай хабарлама қоғамдық қауіп-қатерге әкеліп соқтырады.

Мұндай жағдайда өте сақ болған жөн. Мен пайдаланушыларға, әсіресе, WhatsApp қолданатын адамдарға күдік тудыратын хабарламаларды таратпауға кеңес беремін. Бұл баппен сотталу үшін хабарламаны басқа біреуге жіберудің өзі жеткілікті. Ол үшін оның авторы немесе дереккөзі болудың қажеті жоқ.

Интернеттегі еркіндікке деген құқымызды қалай қорғауға болады?

ГБ: Жоғарыда айтылғандардың көбі заңға қайшы контентке қатысты. Кез келген адам өзінің пікірін білдіргісі келсе, оған еш кедергі жоқ. Алайда ол біреудің ар-ожданын қорламауы, жалған жала жаппауы, заңға қайшы іс-әрекеттерге шақырмауы тиіс.

Ақпаратты бөлісер алдында оны нақтылап алу керек.

Егер мәліметтерге қатысты күмән болса, онда оған репост жасаудың қажеті жоқ. Себебі қазір фейк, яғни жалған хабарламалар көп тарайды. Жай ғана «бұзылған апельсиндерден» бастап, сот шешімін күтпей педофилияға қатысты жала жабуға дейін.

Жалпы адамдардың өз позициясын білдіруге толық құқы бар. Мен өзім Facebook-ті белсенді пайдаланамын. Біз әріптестерімізбен бірге БАҚ-ты мемлекет қаржыландыруы туралы көп пікір алмасамыз. Ол туралы ашық айтып, жазамыз.

Ең бастысы пікірталас конструктивті болып, дәлелдерге және нақты ақпаратқа негізделуі қажет. Мұндай жағдайда сіздің ойыңыз сыни болса да, еш алаңдамауыңызға болады.

Желі қолданушыларының үстінен іс қозғаса не істеу керек?

Бірінші қадам. Егер сізге сотқа дейінгі шағым келсе немесе қылмыстық жауапкершілікпен қорқытып жатса. Ол туралы барлығына жариялау керек! Бұл жағдай өзімен өтіп кетіп, ештеңе болмайды деп ойламаңыз. Егер сіз пікір білдірудегі еркіндік құқыңыз шектеліп, өзіңіздің еш айыбыңыз жоқ екенін білсеңіз, онда ол туралы басынан бастап айту керек. Қоғамдық резонанс тудыру қажет.

Екінші қадам. Егер 174 және 274-бап бойынша іс қозғалса – бұл өте ауыр баптар. Әрине, осы категорияда маманданған кәсіби адвокат керек. Ол мемлекет ұсынған адвокат болмауы қажет. Осыған қоса сараптама жасау үшін тәуелсіз сарапшы шақырту керек. Ол, бірінші кезекте, филологиялық сараптама үшін қажет. Тәуелсіз сараптама қозғалған істі әділ бағалау үшін маңызды (Сараптама методикасының проблемалары туралы бұған дейін айтқан едік).

Дау тудыратын фразаға жасалған тәуелсіз сараптама – маңызды құжат. Егер қазақстандық сот үкімді сізге қарсы шығарса, бұл сараптама БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Комитетіне шағым жазған кезде керек болады. Маңыздысы, БҰҰ-ның Комитетіне шағым тек қазақстандық сот жүйесінің барлық сатысынан өткеннен кейін және сотталушы адам қорғау механизмдерінің бәрін пайдаланып болғаннан кейін беріледі.

PS: Материалды «Тәуелсіз журналистика бойынша ашық қоғам» (Open Society Programon Independent Journalism) бағдарламасының директоры Мария Тереза Рондеростың цитатасымен аяқтауды жөн көрдік:

«Кейбір елдерде жағдай бұдан да нашар. Еркін журналистика өзінен өзі қалыптаспайды, сөз бостандығы үшін күресу керек. Біздің елде журналистер еркіндікке өз күшімен жетті, өте көп үлес қосты. Қазақстандық медиа да солай әрекет етуі керек. Сіздерде тәуелсіз жұмыс істеу құқығын иеленуге ұмтылатын журналистер бар, бірақ ол оңай емес.»

Редакциямызға сұхбат бергені үшін Олга Диденко мен Гүлмира Біржановаға алғыс білдіреміз.

Сұхбатты қазақ тіліне аударған – Балнұр Қожагелді

Снежана Цой
Фактчекер. Координатор образовательных и исследовательских программ МЦЖ Medianet. Проектный менеджер сервиса опросов Demoscope