Сот Ассанжды экстрадациялауды дәлелдеу үшін АҚШ-қа 65 күн берді

Ұлыбританиялық сот АҚШ-қа Джулиан Ассанжды экстрадациялау туралы өтінішті заңды түрде негіздеуге 65 күн берді. Бұл туралы РИА Новости WikiLeaks-тің негізін қалаушының қорғаушысы Карлос Поведаға сілтеме жасай отырып жазды. 

Жақында Вестминстер магистрлік сотта Ассанжды АҚШ-қа экстрадациялау өтініші бойынша алғашқы сот отырысы өткізілді. Ассанжды сот залына әкелмеді, ол түрмеден видеобайланысқа шықты. Журналист АҚШ-қа берілуден бас тартты, журналистикамен айналысып жүргендіктен кінәсін мойындамады.

Қорғаушы былай дейді: 

Сот  АҚШ-қа өтінішін дәлелдеу үшін 65 күн берді. Біз АҚШ 65 күннің ішінде Ассанжға қарсы жаңа айыптаулар дайындайтынына қорқамыз. Әзірше олардың мақсаты Ассанждың компьютерін бұзу

Карлос Поведаны Ассанжды әскери тыңшылық жасады деп айыптауы мүмкін екені алаңдатады. Әскери тыңшылық үшін АҚШ-та өлім жазасына кесіледі.  

Поведа Ассанждың түрмеде ұстау жағдайлары заңгерлерінің жұмысына кедергі келтіреді.  Сәуірдің 11-інен бері екі не үш рет кездескен.

Сәрсенбі күні Лондон соты Ассанжты кепілдік шарттарын бұзғаны үшін 50 аптаға (11 жарым ай) бас бостандығынан айырды.

Джулиан Ассанж аса құпия құжаттарды, билік өкілдерінің хаттарын, сыбайлас жемқорлық туралы деректерді жұртқа жариялағаннан бастап атақты болды. Ол 2010 жылы жыныстық зорлық көрсетті деген күдікпен қамалып, кейіннен кепілмен босатылды. Ассанж 2012 жылы маусымның 9-ы Эквадор елшілігіне саяси баспана беру өтінішімен келді және бүгінгі күнге дейін ол жерден шықпаған.