Шындық | Г. Әбдіхалықова: Қазақстанда жылына 50 мың ерлі-зайыпты ажырасады

6 мамыр күні Stan.kz сайтында ҚР Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың мәлімдемесі жарияланды. Ол үкіметтің баспасөз конференциясында Қазақстанда жылына 50 мың ерлі-зайыпты ажырасатынын айтты. Factcheck.kz Әбдіхалықова айтқан мәлімдемесін тексеріп шықты.

Скриншот Stan.kz сайтынан алынды

Үкім: Шындық

Статистика комитетінің ресми сайтындағы деректерге сүйенсек, соңғы 10 жылда шамамен жылына 50 мың ажырасу оқиғасы тіркеледі екен.

Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетінде журналистика мамандығы бойынша оқиды. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.