Манипуляция | Байбек: Алматылықтардың жылдық орта табысы – 20 мың доллар

23 қазанда әкімдер саммитінің ашылуында Алматы әкімі Бауыржан Байбек “қала табысы әрбір алматылыққа шаққанда – 20 мың доллар”, ал “Алматы әлемдік экономикаға үлес қосып жүрген 600 қаланың қатарында” деп мәлімдеді. Байбек “600 қалаға” қатысты әңгімені бірінші рет айтып отырған жоқ. Былтыр AlmatyInvest 2017 xалықаралық инвестициялық форумында “Алматы әлемдік жалпы өнімнің 60 пайызына үлес қосатын 600 қаланың қатарында” деген. Осыны тексеріп көрейікші.

ВВП Алматы
Zakon.kz сайьынан скрин

Мәлімдеме: Алматы … 600 қаланың қатарында.

1) …әлемдік экономикаға үлес қосатын…

2)…әлемдік жалпы өнімнің 60 пайызын құрайтын…

Үкім: Шындық және… манипуляция

Анығын айтқанда, шындық мынау – Алматы the City 600 деп аталатын тізімге кіреді. Ал “экономикаға қосатын үлесі” мен “жалпы өнімнің 60 пайызын құрайтын қалалар қатарында” деген мәлімдемелерін алдымен нақты айтпау я аударма қиындығы десек, екіншісін фактіні тікелей бұрмалау деуге болады. Осы себепті де нақты үкім айту қиын.

Шынында McKinsey xалықаралық консалтинг компаниясы 2011 жылдың наурызында “Қала әлемі: Қалалардың экономикалық қуатының иллюстрациясы” атты зерттеу жариялады. Зерттеуде экономикасы дамыған, келешегі зор деп күтілген, 2007-2025 жылдардағы жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қосқан және қосар үлесі бойынша көшбасшы 600 қала туралы айтылады. («The City 600 are the top 600 cities by contribution to global GDP growth from 2007 to 2025»).

Консалтинг компания сарапшыларының ойынша, алда тап осы қалаларда экономика, демография және тұтыну саласықарқындыөседі. Тізім осы өлшемдер бойынша жасалған. Логикаға салсақ, лидер еместер, яғни мына тізімге кірмеген қалалар да әлемдік жалпы өнімге үлесін қосатыны анық.

Мына сілтемеге өтіп, әлгі тізімге кірген 600 қаланың көрсеткіштерін жеке-жеке шолып шыға аласыз. Картада Астана мен Алматы бар.

Экономическое развитие Алматы
1-сурет.

2011 жылғы зерттеуде шынында да “2025 жылға қарай 600 қала әлемдік ішкі өнімнің 64 трлн долларын қамтамасыз етеді, бұл – жалпы өнімнің 60 пайызы” деп жазылған. (5-суретке қараңыз.) Яғни, бұл аз қалса да, әлі болмаған нәрсе. Ал болжам – факт емес, болжамның келуі де, келмеуі де мүмкін. Келешектің еншісіндегі дүниені әкімнің болғандай етіп айтуы – манипуляция.

Контекст

McKinsey бұдан кейінгі біраз зерттеуінде the City 600 факторын көп ескереді. 2012 жылы “Қала әлемі: Тұтынушылар класының өсімі” деген атпен көлемдірек зерттеу жариялады. Есепте 2010-2015 жылдары 600 қаланың жалпы ішкі өнімі 30 трлн долларға өсеті, бұл өсімнің шамамен 60 пайызына тең екені айтылады. Алайда және бір жерінде “тізім арасындағы дамыған нарық қатарына кіретін қалалар (The Emerging 440 cities) әлемдік өсімнің 47 пайызын қамтамасыз етеді” деп жазылған.

Байбек
2-сурет.

Логикаға сүйенсек, ары қарай:

Доходы алматинцев
3-сурет.

Біздің аймақтың — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның (the City 600 тізіміне бұл аймақтан 37 қала кіреді, оның арасында Алматы мен Астана бар) қалалары, McKinsey болжамынша, көрсетілген уақыт аралығында әлемдік жалпы ішкі өнім ӨСІМНІҢ 3 пайызын қамтамасыз етеді. Графикте көрсетілген дамыған қалалар өнім өсімінің 17 пайызын қамтиды. Негізгі драйвер – Қытай – 28 пайыз.

Мәлімдеме: Жан басына шаққанда әрбір алматылықтың табысы – 20 мың доллар

Үкім: Манипуляция

Алматы xалқының жан басына шаққандағы жылдық табысы ма, әлде жалпы ішкі өнімді әрбір адамға шаққандағы көрсеткіш пе – әкімнің нақты нені меңзегені түсініксіз. Алғашқы тұжырым шындық деп айтуға еш келмейді, екіншісі келіңкірейді. Алайда “табыс” сөзін әкім де, БАҚ та жазды. Екі нұсқаны да тексеріп көрейік. Айта кетейік, жалпы ішкі өнім мен жан басына шаққандағы табыстың екеуі де экономикаға қатысты термин болғанымен, мүлде басқа нәрсе.

20 мың доллар дегеннің қайдан шыққанын зерттеп көрейікші. Бұл сан да McKinsey-дің 2011 жылғы зерттеуінен алынғанға ұқсайды.

Доходы Алматинцев
4-сурет.

Зерттеуде “қазір әлемде 600 дамыған қалада – 485 үйде жан басына шаққанда орташа жалпы ішкі өнім көлемі 20 мың доллар” деп жазылған.

Байбек и доход алматинцев
5-сурет.

McKinsey сарапшыларының пайымдауынша, 2025 жылға қарай топ-600 қаланың әлемдік жалпы ішкі өнімге қосар үлесі – 60 пайыз, ал сол қалаларда тұратын 235 миллион ОТБАСЫНЫҢ жылдық табысы 20 мың доллар болады.

Қазақстандық статистика не дейді?

Алматы статистика департаментінің дерегінше, былтыр жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі 6505700 теңге болған. 2017 жылдың соңындағы доллар курсымен (333,77) есептесек, 19491,566 доллар шығады. 20 мың долларға сәл-ақ жетпей тұр. Экономикалық даму министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 9030,3 доллар.

Байбек и доходы алматинцев

Тап сол құжатта — “Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты қысқаша статистикалық бюллетенінде” алматылықтардың биылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы табысы жайлы деректер бар.

Доходы алматинцев

Орташа айлық айына 139 662 теңге болып тұрғанда жылына 20 мың доллар табыс туралы айту әлі ерте. Республика бойынша айлық орташа көрсеткіш – 81 529 теңге (2017жыл).

Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)