Манипуляция | Алматы еуропалық «ақылды қалалар» форумының жүлдесіне ие болды

Қазанның 18-інде қазақстандық басылымдарда «Алматы транспорт жүйесін кешенді түрде реформалап, Еуропа форумының Люблянде өткен Smart City-2018 шарасында 1-орынды иемденді” деген ақпарат тарап кетті. Алайда еуропалық емес қалаға ең жоғары жүлдесін беретін Еуропалық форум не қылған ұйым екенін, оған Алматы қалай иемденіп жүргені қызық.

Бұл жаңалық желі қолданушыларының тылқысына түсті. Әлнұр Ильяшев есімді қолданушы тіпті шағын зерттеу жүргізіп, Алматының транспорты үшін жүлде алғанын фэйк деп атады.

Манипуляция | Алматы еуропалық «ақылды қалалар» форумының жүлдесіне ие болды
Әлнұр Ильяшевтің постынан скриншот.

Ильяшевтің жазуынша, жергілікті билік Алматының инновациялық жобаларды жүзеге асырушы 50 үздік қала қатарына кірді деп жалған ақпарат таратып отыр.

Біз әкімдіктің осы мәлімдемесіне қатысты өз зерттеуімізді жүргізіп, нәтижесін жариялап отырмыз.

Үкім: манипуляция

factcheck.kz ешқандай да еуропалық Smart city-2018 ақылды қалалар форумы жоқ екенін анықтады. Әкімдік әдейі ме, әлде байқамай ма – Алматы шынында да жүлде алған форумның атын өзгертіп жіберген. Алайда әлгі жүлденің бағалау өлшемдері мен дәрежесі біраз сұрақ тудырады.

Google-дан қараңыз

Google “Smart city 2018” деп жазсаңыз 0,46 секундтың ішінде 1,35 миллиард нәтиже шығады. Әлгі форум жүлдесі жайлы ақпаратты бұлай іздеп табу мүмкін емес. Соңғы жылдары “ақылды қалалар” жайлы жиі айтылып жүр. Тіпті тым көп деуге болады. Осындай атпен өтетін түрлі форум, конференция мен рейтингілер санында есеп жоқ. Google шығарған нәтиженің алғашқы он бетінің “Алматының ақылды қалалар форумында жүлде алғаны” туралы тақырыпқа ешқандай қатысы жоқ.

Ал бұл xабарды жаңалықтар арасында іздеп көрсек, Алматы әкімдігінің пресс-релизін көшіріп жариялаған қазақстандық, әсіресе орыстілді біраз сайт шыға келеді. Шетелдік сайттардың ешбірі “транспорт жүйесін жаңғыртып жатқан” Алматының бұл “жүлдесі” жайлы жазбаған.

“Smart city Ljubljana” сөзін Google-ға жазып, Словенияның Любляна қаласында “ақылды қалалар” жайлы өткен екі шараны, Ljubljana Forum және Smart Towns Conference 2019 жиындарын тауып алдық. Атауы бойынша екеуі де Алматы әкімдігі таратқан xабарламадағы форумдарға мүлдем сәйкеспейді.

Манипуляция | Алматы еуропалық «ақылды қалалар» форумының жүлдесіне ие болды

Манипуляция | Алматы еуропалық «ақылды қалалар» форумының жүлдесіне ие болды

Алдын ала айта кетейік, Smart Town in CA конференциясының ұйымдастырушы Мартин Печар factcheck.kz сайтының тілшісінің сауалxатына “Алматы бұл конференцияға ешқашан қатысқан емес” деп жауап берді. Ал Любляндегі форумның ұйымдастырушы Блаж Голоб сайт тілшісі жіберген сауалxатты жауапсыз қалдырды.

Ljubljana Forum: жүлде “тариxы”

Алматы Люблян форумында шынында да жүлде алған. Алайда “әлемдегі үздік тәжірибе” туралы, я бұл форумның дәрежесі туралы айтудың өзі артық.

Форум 2011 жылдан бері “Оңтүстік Батыс Еуропа елдерінің үздік тәжірибесін таныстыру” мақсатында өтіп келеді.

2013 жылы форум қамту аумағын кеңейтті де, Дунай өңіріндегі елдердің тәжірибесін таныта бастады (Австрия, Болгария, Венгрия, Германия, Румыния, Словакия, Словения, Чехия, сондай-ақ Босния мен Герцеговина, Сербия, Хорватия мен Черногория). Биыл “Қалалар болашағы” жүлдесі алғаш рет “Ада көпіріне” берілді. Серб астанасындағы төрт жолақты көпір Белградтағы ең биік көпір саналады.

Жүлде алған қалаларға қарап-ақ, Алматының мұндай ең жоғары марапатқа не үшін ие болғанын түсінуге болады.

2014 жылы Люблян форумында Черногориядағы “Подгорица Муниципалитеті” жүйесінің қоршаған орта мен су ресурстарын қорғау бойынша жүлдесі “Балаларға білім беру орталығына” берілді.

2015 жылы форум қамтитын елдер қатарын кеңейтіп, “Азия мен Еуропа ынтымақтастығын” (Asia Europe cooperation) шекарасы етіп бекітті. Сол жылы Люблян қамалында өткен форумда ең жоғары жүлдені “Анкара-Даңғыл” жобасымен келген Түркия алды.

2016 жылы премия Албанияның Тиран қаласына арналған “Ақылды қосымша” жобасына берілді.

2017 жылы бұл форумға “Ашық Алматы” жобасы да қатысты, алайда финалға өткен бұл проект Словенияның Марибор қаласынан келген “Wcycle” жобасынан жеңіліп қалды.

2018 жылы алтын жұмыртқа бейнесіндегі жүлдені “транспорт жүйесін кешенді түрде реформалағаны үшін” Алматы алды. Әкімдік таратқан xабарламада “финалға түркиялық “Анкара Парк” пен xорватиялық “Сава өзініне тұрғындарды қайтару” жобалары өткені” жазылған.

Манипуляция | Алматы еуропалық «ақылды қалалар» форумының жүлдесіне ие болды
ljubljanaforum.org сайтынан алынған сурет.

Қаланың IQ-ін кім анықтайды?

Smart city немесе “Ақылды қала” — сәнге айналған заманауи концепция, бірақ қалалардың “ақылдылығын” анықтау өлшемдері нақты емес. Критерийлер қатарына транспорт жүйесінің басқарылуы, білім мен медицинаның қолжетімділігі, экология мен коммуналдық қызмет кіреді. Бұдан басқа да біраз “талап” бар.

“Ақылды қалаларды” дамыту орталығының атқарушы директоры және i-CANADA альянсының төрағасы Билл Хатчисонның айтуынша, қала “интелектін” анықтайтын негізгі нәрсе – жергілікті биліктің тұрғындар игілігіне (!) жұмыс істеуі.

Factcheck.kz