Кейс: Министрліктің баспасөз қызметі қалай қателесті?

8 наурызда Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі S&P халықаралық рейтинг агенттігінің кредиттік рейтингінің нәтижелері туралы баспасөз релизін жариялады.

Халықаралық агенттіктің ақпаратында тәуелсіз Қазақстанның кредиттік рейтингі «ВВВ-» / А-3 деңгейінде бағаланып, «Тұрақты» деп көрсетілген. Дегенмен, бірқатар басылымдар Қазақстанның рейтингін «ВВВ» деңгейінде көрсетіп, «-» белгісін алып тастап жариялаған.

S&P рейтингтік шкаласы

Көріп отырғандарыңыздай, қойылмай кеткен бір таңба «Қаржылық міндеттемелерін орындауға қабілетті» деген мағынаны «Санаттағы ең төмен рейтингке» өзгертіп жіберді. Кредиттік рейтингтерді белгілеу үшін Standard & Poor’s қолданатын символдар – бұл несиелік қабілеттілігі немесе борыштық міндеттемелердің несиелік сапасы туралы ақпаратты берудің қарапайым және тиімді тәсілі.

Контекст

Біріншіден, журналистерді кәсіби емес деп айыптауға болады, екіншіден, шағын түсініктемелерді ескеру керек. Tengenomika телеграм арнасының жариялымы.

Айырмашылық 6 минут

Өздеріңіз байқағандай, қазір баспасөз қызметі таратқан ақпаратта қате жоқ. Бірақ министрліктің сайтында жарияланған ақпараттың күні мен уақытына назар аудару керек (11 наурыз, 11:07) және оны Tengenomika телеграм арнасының жариялаған уақытымен салыстырып көріңіз (11 наурыз, 11:13).

Тағы бір дерек – бірдей қате жіберген 4 жаңалық сайты  (бағалауда «-» белгісінің болмауы) дереккөз ретінде экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған.

S&P есебінен үзінді

Есептің толық нұсқасын мына сілтеме бойынша табуға болады, бірақ тіркелу қажет.

Үкіметтің банк секторын нығайтуға арналған әрекеттеріне қарамастан біз оның бұрынғыша әлсіз екенін байқадық. Біздің жорамалымыз бойынша 2019 жылы да несиелеудің қарқыны баяу болады, яғни 2015 жылы басталған мерзім әлі де созылады және ол экономикалық белсенділіктің қаржылық делдалдығы қолдауының әлсіз болуымен сипатталады. Бұл жағдай елімізде несиеге қабілетті салымшылардың жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Қазіргі кезде біз Қазақстан Республикасын банк секторының салалық және мемлекеттік тәуекелдер дәрежесінің 9-тобына жатқызамыз (Banking Industry Country Risk Assessment — BICRA). BICRA классификациясы 1-ден 10-ға дейінгі шкаланы пайдаланады, 10-топқа көрсеткіштері ең төмен елдер кіреді. (2019 жылдың 10 қаңтарында жарияланған «Оценка отраслевых и страновых рисков банковского сектора: Республика Казахстан» атты мақаланы көріңіз)

Factcheck.kz редакциясы Tengenomika телеграм арнасының авторы Олжас Төлеуовқа өз алғысын білдіреді.

Чингиз Уалихан
Журналист Factcheck.kz