«Қазақстан» ЖАҚ және сергек сана

Factcheck.kz жобасының негізін салушы Әділ Джалилов «Қазақстан астанасының атын өзгерту заңды ма?» деген сұраққа неге фактчек жасамайсыздар дейтін оқырмандар сұрағына жауап берді.

Менің үйімнің жанында «Айна» деген шағын азық-түлік дүкені бар. Бұл жеке кәсіпкерлікте (ИП) өз атын мәңгі қалдырғысы келген дүкен иесінің есімі екенін аңғару қиын емес. Толық құқы бар. Өйткені дүкен оған тиесілі.

Соңғы оқиғаларға қатысты көптеген сұрақтар туындап жатыр. Мәселен, ел немесе қала біреуге тиесілі бола ма? Ол халықтың қазынасы ғой. Немесе тұңғыш президентті құрметтейтіндердің «мәңгі есімін қалдырмай-ақ» жақсы көруіне не кедергі? Жалпы мәңгі есімі қалған обьектінің атауын сәл кейінірек ауыстырса болмай ма?

Оқырмандар бізден Астананы Нұр-Сұлтанға ауыстыру заңды ма, фактчек жасаңыздаршы деп өтініш білдіруде. Біз оны бірнеше себептерге байланысты жасай алмаймыз.

Біріншіден, атау өзгертудің Конституцияға қайшы екенін жазған Джохар Өтебеков пен басқа заңгерлердің жариялымын көшірудің қажеті жоқ.

Негізі елдің жаңа президенті ұсынып, атауды өзгертудің конституцияға қайшылығы екінші орындағы мәселе.

Халық оның заңға сәйкес келмейтініне наразы болған жоқ. Одан бұрын адамдарға мына нәрселер ұнамаған сияқты:

  • Банктар, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да мәселер қатар тұрғанда «Астана» брэндіне қанша қаражат жұмсалды, бірақ шығын ақталмады.
  • Ешкім азаматтардың пікірін сұрамады (бірақ, бұған үйренетін уақыт болды)
  • Бұл әрекеттердің авторитарлық-жеке тұлғаға табынушылығы шектен шығып кетті.

Бұрын біз өзімізді өркениетті әлемге қадам басып келе жатырмыз (әлі басында болсақ та) деп жұбата алған болсақ, 20 наурыз күні Түркіменстан мен Солтүстік Кореяның жолайрығында тұрғанымызды  түсіндік.

«Астана» сөзі бір кездері қарсылық шарасының синониміне айналады деп ешкім ойламаған еді.

Ең өкініштісі, тарихты және ондағы қиын-қыстау күндерді білетін, 21-ғасырдағы оқыған, ересек азаматтар ешкімнен, тіпті өз балаларынан да ұялмай елді құрдымға апаруға дайын екендіктерін көрсетті. Одан да қиыны – екіжүзді істерге жастарды да тартып жатыр.

Мен сөз бостандығын қолдаймын. Бұл бостандық мұндай жағымпаздарды аяусыз сынға алуға мүмкіндік береді.

Біреулер Астана атауын өзгертудің астында Дариға Назарбаеваның сенат басшысы лауазымына тағайындалуы, яғни династиялық транзит жасырынып жатыр деп жорамалдауда. Және оған жол бермеуге шақырады.

Билікке астананың атауын өзгертпей-ақ ойын іске асыруға не кедергі болғанын түсінбедім. Династиялық транзитке кім кедергі келтіре алар еді? Біз онсыз да 30 жыл бойы ештеңеге қарсы болмадық қой.

Меніңше, болып жатқан оқиғаларды өзгертуге біздің күшіміз жетпейді. Заң қаншалықты бұзылса да атау өзгереді, тіптен өзгерді де. Ал, мемлекеттің қандай да бір жаңа басшысы астанаға өз атын береді. Және біздің балаларымыз әкімдіктің тапсырмасымен тілшілердің жұмыс істеуіне кедергі келтіріп жатқанда, бұл әрекетке ешкім де, ештеңе де бөгет бола алмайды.

Қазақстанда аз айтылатын «сергек сана» (здравый смысл) деген термин бар. Оның ағылшын тіліндегі баламасы common sense өркениетті әлемде тыныштық орнату мен құқықтың негізі. Ол еркіндік пен адамгершілікті негізге алады, адам құқықтары мен өмірдің маңызын түсінудің іргетасына айналды.

Мен үшін “сергек сана” дегеніміз – азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету, заң билігі, сапалы білім беру және денсаулық сақтау, жемқорлықтың болмауы, ең қарапайым және дұрыс құндылықтар.

Журналистердің бойында әділдікке деген ұмтылыс пен көптеген ақпараттың ішінде жүріп пайда болған цинизм бар. Біз ештеңеге таңқалмаймыз, бірақ бойымыздағы жақсылыққа деген үміт сөнбеген.

19 наурыз күні кейбіріміздегі үміт оты жанды, ал келесі күні қайда екенімізді еске салды. Біреулер үшін “сергек сана” деген қызметті немесе тендерді алу үшін бас изеп, қолдай беретін конъюнктура. Бұл адамның жүрегін айнытып, елді болашағынан айырады.

Бірде мен Нұрсұлтан Назарбаевтың мына сөзіне қатты таңқалдым:

– Қазақстанды компания немесе мекеме тәрізді бір орталықтан басқару – мен үнемі көретін тапсырма. Бұл сұрыпталған басқару түрі, оның артықшылығын қазір бәрі мойындауда. Кім, қайда, не істейді деген көпірме сөз емес, вертикалды, нақты, қатаң басқару экономика және басқа да тұрғыдан жақсы нәтиже береді. (орыс тиілінен аударылды)

Мен заманауи әлемдегі мемлекет деген, ең бірінші, горизанталды байланыстар, балансталған орталықсыздандыру және қарым-қатынастың нәтижелі жүйесі деп балаша ойлап келіппін.

Мен Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға байланысты басқа көзқарастағыларға қарсы репрессия күшейіп, көпіріп сөйлейтіндерді таптап, «вертикалды, нақты, қатаң басқару» күшейеді деп жорамалдап отырмын.

Біз өзімізді тәуелсіз  ел, республика деп жәй ғана айтамыз. Ал шын мәнінде тек ЖАҚ, ЖШС немес ЖК екенімізді түсінетін уақыт келді.

Редакция
Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2016 года. Член международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)