30 мамыр күні орыстілді фембірлестіктердің парақшаларында, сонымен қатар, бірқатар ақпараттық сайттарда адамдарды шатастыратын «Халықаралық феминизм күні» туралы мақала тарап кетті, оны әлдебір «жақтастар» (!) Жанна Д^Арктың құрметіне 30 мамырға қойыпты-мыс.
Үкім: Фейк
Күнтізбеде мұндай күн жоқ. Дегенмен, 30 мамыр күні католиктік шіркеу әулие Жанна Д ^Арк күнін атап өтеді (1909 жылы беатификацияланған, 1920 жылы Бенедикт папа XV заңдастырған).
Рунетте тараған «Халықаралық феминизм күні» туралы ақпараттың ешқайсысы дереккөз көрсетпеген және барлық жариялымдар бір-бірінен көшірілгендей көрінеді. Олардың көпшілігі күдікті ресурстар мен жергілікті сайттарда жарияланған, бірақ арасында жаңалықтар сайты да бар.

Ағылшын тіліндегі жариялымдарда 30 мамыр мен феминизм туралы мүлдем ақпарат жоқ, тек кейбірінде феминизм күнін 27 қараша немесе 1 наурыз күні тойлайық деген ұсыныстар ғана айтылған. Басқа жариялымдардың бәрінде International Feminism Day тек 8 наурызға қатысты (ойға қонымды) қолданылып тұр.
Ақпарат қайдан шығуы мүмкін?
30 мамыр Феминизм күні деген (жалған) ақпараттың дереккөзі 2006 жылғы «Каждый день праздник» кітабындағы юморлық (сексистік) гарик Игорь Губерманда болуы мүмкін:
30 мамыр / Халықаралық феминизм күні
Жалко бабу, когда счастье губя,
добиваясь верховодства оплошно,
подминает мужика под себя,
и становится ей скучно и тошно
«Халықаралық феминизм күні» туралы мәтіннің авторы нақты анықталмауы мүмкін. Бұл дезинформация әйелдердің теңдік үшін күресін оң бағалап, тарихи дереккөздерге жүгініп, мәтіннің өзі секілді дұрыс мақсатпен таратылғанын жоққа шығармаймыз.
Тексерілген екі факт
1.2006 жылы Губарман мәтіні желіде жарық көргенге дейін «Халықаралық феминизм күні» туралы мақала байқалмаған. Олар 2007 жылдан жариялана бастады, ал өзінің шарықтау шегіне соңғы үш жылда (2016-2019) жетті.
2.Дезинформацияның таралуына «КоммерсантЪ» басылымы да өз үлесін қосты, өткен жылы оқырманды мақалаға сілтеу үшін «феминистер мерекесін» 30 мамыр деп жариялаған болатын (жоғарыда айтылғандарды ескеріп, біз де оқуға кеңес береміз).
Тағы да оқыңыз: Жалған | Қазақстанда әйелдердің еңбегін бағалауда дискриминация жоқ
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.