Фактчек | Қазақстанда көп әйел алуға тыйым салынған

Әлеуметтік желілерде төрт қыз бір адамға ұзатылып жатқан видео таралуда. Шын мәнінде, төрт қалыңдық бір отбасындағы төрт ағайындарға тұрмысқа шыққан екен.

Ztb.kz айтуынша, Қазақстанда көп некелілікке тыйым салынады. Қазақстанның азаматы ресми түрде некесін тек бір адаммен рәсімдей алады.

Үкім: Шындық

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексінің 2-бөлім, 3-тарауындағы (Неке қиюдың (ерлі зайыпты болудың) шарттары мен тәртібі) 11-бабында былай делінген.

11-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болуына) жол берілмейтін адамдар:

  • олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдар;

Дін не дейді?

Мұсылмандық шариғат бойынша,  ер кісі қанша әйел алам десе өз еркі, бірақ, ислам діні бұл шексіздікті төртеумен шектейді, тек бірнеше шарттарды орындауы қажет:

  • Ең әуелі оларды бағып қағатындай жағдай жасау керек
  • Әйелдерін бөліп жармай, тең қарым-қатынас құру қажет
  • Біреуіне жағдай жасаса, екіншісіне де жағдай жасалуы керек.

Мұсылман құқығы бойынша жасалған некелер мемлекет мойындамайды, алайда қудаланбайды.

Фактчек | Қазақстанда көп әйел алуға тыйым салынған
islam.kz порталынан скрин

Заң не дейді?

“Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексінің, 2 бап. Неке-отбасы заңдарының негіздерінде былай делінген:

” Діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды.”

Яғни, бірге өмір сүретін адамдар азаматтық некеге тұра алады. Тек оларды «бейресми некелесу» немесе «азаматтық неке» деп атайды.

“Азаматтардың неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және бұл тек конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сол шамада шектелуi мүмкiн.”

Азаматтық некенің заң жүзінде ешқандай құқықтары қорғалмайды.

Factcheck.kz