Фактчек | Чубайс: Ресей Қазақстаннан өмір сүру дейгейі бойынша қалып қояды

12 қарашада Сноб басылымында Роснано басшысы Анатолий Чубайстың сұxбаты жарияланды. Кейін бұл сұxбатты басқа басылымдар көшіріп басты. Әлгі материалда Чубайс былай топшылайды:

Человеческий капитал в Казахстане и России“Ресейде жалпы ішкі өнімнің өсу шамасының қазіргi деңгейі өзгермесе, әрмен қарай да артта қалып қоя береміз… Еуропа мен АҚШ-тан ғана емес… Біраз уақыттан кейін Грекиядан, Қазақстан мен Түркиядан. Оның үстіне экономика масштабы емес, өмір сүру дейгейіміз артқа қалып қояды. Адам капиталы, мәдениет, білім беру мен денсаулық сақтау – барлық компонент бойынша Ресей әлемнің басқа елдерінен қалып қоюға бейіл.

Материалда Қазақстанның аталуы бізге қызық көрінді де, Роснано басшысы айтқан сөзді тексеріп көруге бекіндік. Тексеретін тұжырымның қысқаша мәні мынадай – Чубайс деректер пайдаланып манипуляциялап отыр – Ресей Грекиядан ешқашан озған емес, Қазақстаннан озбайды емес, бірнеше көрсеткіш бойынша озып та қойған. Спикердің басқа да сөздеріне жеке тоқталып, талдап көрейік.

Мәлімдеме: Ресей экономикасының өсу темпі әлемдік шамадан ғана емес, Еуропа мен АҚШ көрсеткішінен, тіпті Қазақстан, Грекия мен Түркия темпінен төмен.

Үкім: Манипуляция

Дамыған елдер экономикасының өсу темпімен салыстырып көрейік.

Ескерту: Фактчек әлдекімнің жеке ойын я келу-келмеуі беймәлім болжамдарын ескермейді де, тексермейді де. Бірақ осы материалға келгенде бұл қағиданы бұзуға болады. Бұған Халықаралық валюта қорының да Чубайс айтқан болжамдарға ұқсас тұжырымдар жасайтыны себеп. Оның үстіне, қор болжамды соңғы жылдардағы деректерге сүйеніп жасайды. Анатолий Чубайс сұxбатында әлгіндей сөзді нақты деректермен негіздей айтады. Спикердің тақырыпты қаншалықты жетік білетінін тексеріп көрейік.

ХВҚ-ның әлем экономикасы жайлы жасаған, 2018 жылдың қазанында жарияланған World Economic Outlook зерттеуіне қараңыз. ХВҚ-ның болжамынша, 2018-2022 жылдары әлем бойынша жалпы ішкі өнімнің өзгеру темпі (сары сызық) 3,5 пайыз шамасында болады. 2009-2010 жылдары жаппай құлдырау болды да, ары қарай өсе бастады, экономиканың өсу темпі кейін қайта бәсеңдеді.

Человеческий капитал

Дамыған елдер экономикасының (қызыл сызық) өсу қарқыны әлемдік орта көрсеткіштен төмен, ал дамушы елдерде (көк сызық) бұл көрсеткіш жоғары. Алайда бұл топтардың өз ішінде экономикалық құбылыстар біркелкі емес.

АҚШ пен Еуропада, әсіресе, Грекияда не болып жатқанын көрейік

Чубайс

Ескерту: Оң жақтағы соңғы үш бағанда 2017 жылы экономика қанша өскенін, 2018 және 2019 жылдары былтырғы жылдармен салыстырғанда қаншаға өсетіні көрсетілген.

Ресей мен Қазақстанда ше?

ЧубайсЖалпы ішкі өнімнің өсуі бойынша Қазақстан Ресейден 2000 жылдардан бері алда және болжам бойыша 2023 жылға дейін солай бола бермек. Азиядағы дамушы және ТМД елдері экономикасының даму темпіне қараңыз. (Көк сызықпен сызылған, есепте Ресей ескерілмеген).

Түркияның жайы қалай?

Чубайс

Соңғы 8 жылмен салыстырғанда Түркия экономикасының өсу темпі биыл біраз бәсеңдеп қалды.

Чубайс мәлімдемесінің несі қате?

Әңгіме экономика өсімінің біркелкі болмауында. Мәселен, болжам бойынша 2019 жылы Түркия Ресейден қалып қояды, бірақ 2023 жылы Ресей мен Грекия көрсеткіштері теңеседі.

1-графикке қараңыз: болжам бойынша, экономикасы дамыған елдердің өсу темпі 2023 жылға қарай Ресей көрсеткішіне теңеседі (төмен жақтағы “Контексте” толық жазамыз).

Мәлімдеме: Қазақстан, Грекия мен Түркия өмір сапасы (адам капиталы, мәдениет, білім және денсаулық сақтау) бойынша Ресейден озып кетеді

Үкім: Манипуляция

Адам дамуының жалпы көрсеткіштері бойынша, Ресей өмір сүру деңгейінен Грекиядан әлдеқашан қалып қойған. Дәлірек айтқанда, Ресей Ресей болғалы бұл көрсеткіш бойынша Грекиядан алда болған емес. Ал адам дамуының тариxи көрсеткіші бойынша Қазақстан ендігі Ресейден жоғары.

Біріккен ұлттар ұйымы 1980 жылдан бері Адам дамуының индексін – Human Development Index (HDI) негізге алып, есеп дайындайды. “Индекс – өңірлер мен мемлекеттердегі өмір сүру деңгейін салыстыруда қолданылатын стандарт көрсеткіш”. Бұл индекске xалық сауаттылығы, оқу ұзақтығы, өмір сүру ұзақтығы мен әл-ауқат сияқты төрт көрсеткіш әсер етеді.

32-бетінде 2017 жылғы рейтинг көрсетілген биылғы есепті мына сілтемеден көре аласыз. Есепке арналған сайт мұнда. Бірінші орында – Норвегия, АҚШ – 13, Грекия – 31, Ресей – 49, Қазақстан – 58, Түркия 64-орында тұр.

Ең қызығы – Грекия, тіпті 90-жылдардан бері АҚШ та Ресейден алда келеді. Сондықтан “Ресей Грекия, АҚШ, Еуропаның дамыған елдерінен қалып қояды” деп айтудың қажеті де жоқ. 0,953 индексімен Норвегия көш бастап тұр. Трендке қарсақ, Қазақстан мен Түркия Ресейге таяп қалды.

Ескерту: Сондай-ақ БҰҰ білім алудағы теңсіздік, мемлекеттің кірісті үлестіру мен өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылықтарды ескеріп, және бір рейтинг дайындайды. Бұл рейтинг бойынша, 2017 жылы Қазақстан (0,737) Ресейге (0,738) жетіп алды. 2015 жылы рейтингіде Қазақстан – 39, Ресей 3-орында тұр еді.

Басқа да индекстер

БҰҰ-ның Адам дамуының индексіне балама саналатын Адам дамуының тариxи индексі — The Historical Index of Human Development (HIHD) деген бар. Мұны Leandro Prados de la Escosura есімді профессор ойлап тапқан. HIHD да бала туғанда күтілетін өмір ұзақтығы, 15 жастан асқан, оқу мен жазуға қабілетті ересектер сауаттылығының деңгейі, білім берумен қамту коэффиценті, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі сияқты көрсеткіштерді есепке алады.

Мына сілтемеге өтіп, индекс жазылған картамен танысып әрі жекеленген елге қатысты деректерді толық шолып шығуыңызға болады.

HIHD бойынша, 2015 жылы Ресей (HIHD:0,57) Қазақстаннан (0,58), Грекиядан (0,75), АҚШ-тан (0,781) қалып қойған. Түркияныкі — 0,547. Көшбасшы – Исландия (0,902).

Чубайс

HIHD бойынша, Грекия СССР-ден 1980 жылдары-ақ оза бастаған, Қазақстан 2002-2003 жылдары Ресейдің алдына шыққан.

Чубайстың елдердің өткенін, олардың экономикалық әлеуетін ескермей, қазіргі өмір сапасын айтқанда келешекке жасалған болжамды негіздеп, мысалға келтіруінің өзі – манипуляция.

Контекст

Біз айтқан екі рейтинг бойынша көш бастап тұрған екі ел — Норвегия мен Исландия экономикасының өсуі әлемдік орта көрсеткіштен төмен болады деп болжанған (3,5%). Исландия экономикасының темпі шынында бәсеңдеген, алайда Норвегия қарқынды өсіп келеді. Дегенмен бұл Скандинавия елдері xалқының өмір сапасын Ресей азаматтарының өмір сүру деңгейімен салыстыруға болады деген сөз бе? Айтпақшы, дамыған елдердің біразы, Чубайстың логикасы бойынша, 2023 жылға қарай Ресей экономикасының өсу темпіне (ЖІӨ өсімі -1,2%) ғана емес, өмір сүру сапасына да таяп қалады.

Чубайс и рост российской экономики

Білім деңгейі бойынша

Біз мысалға келтірген рейтингілердің өз есептеу формуласы бар және олар интегралды сипатта жасалады. Мәселен, Ресей өмір ұзақтығы мен жан басына шаққандағы табыс жағынан дамыған елдерден артта тұрса да, білім беру деңгейі бойынша олардың көбінен озық. Қазақстаннан да алда. Анатолий Чубайс білім беру саласын ерекше атап өткендіктен, біз де осы тақырыпты жеке зерттеп көрейік деп шештік.

International Institute for Applied Systems Analysis (IIASA) институты ғалымдарының қазіргі экономикалық трендтерді есептеп жасаған болжамынша, Ресей білім беру саласы бойынша Чубайс айтқан елдердің бәрінен алда тұр. Жоғары және орта біліммен қамту көрсеткіші Норвегия деңгейіне пара-пар. Алайда Ресейде 2000 жылдан бастап, ешбір білімі жоқ, 15 жастан асқан азаматтар саны тұрақты түрде 0 болып келеді, болжам бойынша, солай бола да бермек. Бірақ Норвегияда мұндай азаматтар үлесі – 0,21 пайыз. 2050 жылға қарай 0,01 пайыз болып қала бермек. Қазақстанда да 15 жастан асқан, ешқандай білім алмаған азаматтар үлесі – 0,06 пайыз, жоғары білімді азаматтар – 25,8 пайыз.

Жоғары біліммен қамту – көк түспен, орта білім – жасыл, бастауыш – сары, 15-тен асқан білімі жоқтар қызыл түспен белгіленген инфографиканы қараңыз. Жас мөлшері көрсетілген азамаматтардың жалпы xалық санындағы үлесі.

Грекия

Чубайс и мировое образование

Ресей

Чубайс

Қазақстан

Казахстан

Түркия

Чубайс

АҚШ

Чубайс

Норвегия

Чубайс

Инфографикаға қарап, Чубайс болжамдарының орындалуы неғайбыл екенін көреміз. Барлық инфографика мен оларға жазылған аналитикалық мәтін мына жерде және мына сілтемеде бар.

 

Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)