Бас прокуратура 1 мамырда рұқсат етілмеген жиналыстардың жазасы жайлы ескертті

Қазақстанның бас прокуратурасы тұрғындарға рұқсат етілмеген митингтердің жазасы жайында ескертпе жариялады. Хабарлама қадағалау ведомствасының ресми сайтында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың атынан жарияланды.  

Хабарламада «әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 1 мамырда рұқсат етілмеген митингтерге қатысу жөнінде шақырулар таратылуда. Бас прокуратура ондай акцияларды өткізген жағдайда оған қатысқандардың әрекеттері бейбiт жиналыстар мен митингтерді ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңды бұзу ретінде саналанатынын ескертеді» деп айтылған.

Қазақстанның бас прокуратурасы халықты «заңды мүлтіксіз сақтауға, арандатуға ермеуге және заңсыз акцияларға қатысудан тартынуға шақырады»

Сонымен қатар «құқық қорғау органдары құқық бұзушыларға ден қойып, оларға тиісті шаралар қолдануға міндетті болады. Осындай акцияларға қатысуға шақырғаны, оларды ұйымдастырғаны, қатысқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауаптылық туындайды. Егерде бұл әрекеттер елеулі зардап келтіретін болса, онда кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапқа тартылады» деп ескертеді.

Алматыдағы марафон кезінде Асия Тулесова, Айгүл Нұрболатова, Сүйінбике Сүлейменова және Бейбарыс Толымбеков «От правды не убежишь», «#У меня есть выбор» деген жазулары бар плакаттарды алып шықты. Кейіннен полиция оларды ұстап әкетті. Сот Әкімшілік құқық бұзушылық кодекс бойынша 488-баптың 3-тармағына сәйкес белсенділер Асия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековті 15 тәулікке дейін қамауға алды.

Сергей Ким
Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на телевидении и радио, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году. Возглавлял алматинскую редакцию проекта «Спутник-Казахстан», ведёт колонку медиакритики для проекта NewReporter.org